Соңғы жаңалықтар

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » Мұзбалақ ақынға арналған мүшәйра

Мұзбалақ ақынға арналған мүшәйра

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толу мерейтойына орай «Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай» атты аудандық мектеп оқушылары арасында мүшәйра өтті. Шараны аудандық оқушылар үйі ұйымдастырды (директоры Ә.Ержанов), ал, аудандық жастар ресурстық орталығы (директоры Н.Орынбасар) қолдау көрсетті. Бұған дейін іріктеу туры бойынша 10 талапкер таңдалып, бүгін олар ақтық сынға шықты.
Жасыратыны жоқ, мүшәйра жоғары деңгейдегі дайындықпен өткізілді. Үміткерлер шығармашылығымен қатар өзін таныстыру бейнесюжеттік қойылымын ұсынды. Жалпы, өлеңдердің маңыздылығы ақынға арналған арнау үрдісінде жазылған. Және сол талап үдесінен шықты.
Сонымен бас жүлдеге №168 орта мектебінің оқушысы Жанайым Әбдіғани (жетекшісі Қ.Сейтмұратова), бірінші орынға №223 орта мектептің оқушысы Сүйрік Асан (жетекшісі А.Изатуллаева), екінші орынға № 162 орта мектеп оқушысы Ерасыл Ақбай(жетекшісі Е. Аймаханов), үшінші орынға №56 орта мектеп оқушысы Алтынкүл Төлеген (жетекшісі Г.Елеусізова) мен №180 орта мектеп оқушысы Шұғыла Зәйділла (жетекшісі И.Сұлтанбекова) ие болды. Ал қалған талапкерлер номинация жеңімпаздары болды.

Қаныбек АБДУОВ.
15 ақпан 2021 ж. 605 0