Билігі мықты елдің тірлігі құтты
Мемлекеттік қызмет – жауапкершілігі мол міндет. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып, халықтың әл-ауқатының артуына атсалысып жүрген мамандар төл мерекелері қарсаңында қошеметке бөленді. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиын барысында аудан басшысы Мұрат Жолкелдіұлы бұқара мен билік арасын байланыстырушы жандардың басын қосып, кәсіби мерекесімен құттықтады.
– Еліміздің әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуы көп жағдайда өздеріңіздің жанкешті қызметтеріңіздің жемісіне байланысты. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ғана ауданымыз табысы мол, гүлденген мекенге айнала алады. Дана халқымызда «Билігі мықты елдің
– тірлігі құтты болады» деген сөз бар. Мемлекеттік қызметшінің еңбегі туған Отаны мен халқына адал қызмет етуімен бағаланады. Сіздер осы мақсатты бағындыра білген жансыздар. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілеймін! Отанымыз
– Қазақстан Республикасының өсіпөркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!, – деді әкім.
Одан әрі Мұрат Жолкелдіұлы марапат биігіне ұлт мәртебесін көтеріп, ел абыройын асқақтатып жүрген мәртебелі міндет иелерін шығарды. Олардың қатарында Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Нұржан Сүлейменов болса, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысының «Алғыс хатымен» Шалхия кенті әкімі аппаратының бас маманы Әбілхан Садықов пен Жаманбай батыр ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Бейбіт Тұрсынбаев, ал Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының «Алғыс хатымен» Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру – бақылау бөлімінің басшысы Рүстем Ибрагим болды.
23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген «ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ» атты облыстық пікір сайыс турнирінің жүлдегерлері Жайылма ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы Жамбыл Бимағанбет пен аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Дәурен Абибуллаев марапатталды.
Республикалық «Ел құрметі» қоғамдық қорының атынан «Еңбек даңқы» медалін Жаңақорған кенті әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Алма Мамирова кеудесіне тағып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Ал аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Қожамберді ауылдық округінің әкімі Нұрқасым Сейітқасымов, аудандық экономика бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Гүлнар Жолдасова, Жаңарық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Серікбай Құлтаев, Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қайрат Зейдалиев, Сунақата ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ерсұлтан Жанболат, Қандөз ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Құдайберген Жұмабеков, Талап ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұрлыбек Жәнібекұлы, Өзгент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Абзал Сарсенбаев, Кейден ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айгүл Ибрагимова, Көктөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жанболат Байбабаев, аудандық жер қатынастары бөлімінің жетекші маманы Мөлдір Өмірзаққызы, Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобитль жолдары бөлімінің бас маманы Дәулет Өмірәлиев, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Жасұлан Тұрапов, Аққорған ауылдық округінің бас маманы Берікбол Мейірбеков және аудандық қаржы бөлімінің бас маманы Ақмарал Сәрсенбаевалар құрмет төрінен көрінді. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің бейнесін, іскерлік қабілетін көрсететін билік өкілі. Сондықтан халыққа қызмет етуді абыройлы іс санайтын марапат иелерінің еліміздің гүлденуі мен экономикамыздың дамуы жолында қосқан үлестері ерекше. Осы тұста «Ел құрметі» қоғамдық қорының төсбелгісін аудан әкімінің қолынан таққан Алма Жұмаділлақызының пікірін білдік.
– Әуелі барша әріптестерімді бүгінгі мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Біздер жауапкершілік пен төзімділікті қажет ететін білімді, жан-жақты қызмет иелеріміз. Сондықтан халыққа қызмет ету барысында елдің мүддесін бірінші орынға қойып, тез әрі жылдам шешім қабылдауда абырой биігінен төмендемеу басты міндетіміз. Осы қағидамен еңбек еткенімнен болар, бүгін мерейім тасып марапатталып жатқан жайым бар. Мені қолдап, «Еңбек даңқы» төсбелгісіне лайықты көрген барша әріптестеріме мың алғыс – деді қуанышымын бөлісіп. Иә, мемлекеттік қызметшілер билік пен бұқараның арасын жалғап, ел дамуының ілгерілеуіне ықпал ететін негізгі күш. Ел Президенті ҚасымЖомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби, тиімді және жемісті жұмысы мемлекеттілікті нығайтудың және еліміздің барлық азаматтарының әл-ауқатын арттырудың маңызды факторы болуы тиіс. Бұл жауапты сала мамандары күн сайын елдің, өңірдің, қаланың, тіпті ең кішкентай елді мекеннің игілігі үшін жұмыс істейтін адамдар. Сондықтан қазақстандық қоғамның тұрақты дамуы мен өркениетті бейнесі олардың абыройлы еңбектеріне тікелей байланысты. Бізде ұжым атынан айдынды өлкеміздің өркендеуіне ерен еңбек сіңіріп жүрген ауданымыздағы барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, ел игілігі жолындағы қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық, береке-бірлік тіледік! Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
Лаура БИБАСАРОВА