№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет


Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
23 маусым – елімізде мемлекеттік қызметшілер күні болып белгіленген.
Мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеру мақсатында 1998 жылы Елбасының Жарлығымен 23 маусым кәсіби мереке болып бекітілді.
«Басты міндет – елге қызмет» қағидасын қатаң ұстанған мемлекеттік қызметшіге халықтың артар сенімі зор.
Бүгінгі таңдағы мемлекеттік қызметкердің басты міндеті – туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады.
Билігі мықты елдің – тірлігі құтты.
Күн өткен сайын мемлекеттік қызметшілерге қойылар талап та, жүктелетін жауапкершіліктің ауқымы да кеңейіп келеді. Халық пен биліктің арасын байланыстыратын мемлекеттік қызметшіге жүктелген міндет зор, қойылар талап қатал.
Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексімен» белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
Жұмыстан тыс бос уақыттарында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы тиіс. Яғни, қызметкер барынша сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын адал, кез келген сәтте сабырлы, ұқыпты болғаны жөн. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің жеке өмірінде де аңдап басып, өз ісімен өзгеге үлгі болуды есте сақтау керек.
Мемлекеттік қызметші-қоғам айнасы.
Өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы, әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуі, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауы, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауы маңызды.
Әрбіріміз еліміздің даму тарихында өз ісін қалдыратын және келешекте оған ұрпақтары өз бағасын беретінін ұмытпауымыз қажет.
 «Басты міндет – елге қызмет» деген мазмұны терең, міндеті жауапты сөзді еске сала отырып, мемлекеттік қызметші деген абыройлы атаққа үнемі лайықты болуларыңызға шын жүректен тілектеспіз.
Баршаңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен Жаңақорған аудандық сотының ұжымы құттықтайды!
23 маусым 2021 ж. 398 0