Соңғы жаңалықтар

Әке отбасы тірегі

12 маусым 2025 ж. 675

ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚАБЫЛДАУ

12 маусым 2025 ж. 53

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Тынығу лагерлері жыл бойы жұмыс істеуі керек

Тынығу лагерлері жыл бойы жұмыс істеуі керек


Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және түрлі деңгейдегі сайыстар мен ҰБТ-ге дайындығын пысықтау мақсатында жазғы лагерлер маусымдық кезде ғана емес, жыл бойы жұмыс істеуі керек.

 Аймақ басшысы бұған дейін Шиелі ауданына жасаған жұмыс сапары барысында осы мәселені назардан тыс қалдырмауды тапсырып, тынығу лагерлерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға, оқушыларға жасалатын жағдайды оңалтуға қолдау көрсетілетінін айтқан еді.
Арал ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығының жұмысымен танысып, лагерде тынығушы балалармен пікірлесті.
 Мұнан соң, орталықтағы конференц зал, жаттығу бөлмесі, бассейн, жатын бөлмелерді көріп, жауапты сала басшысына балалар үшін барынша қолайлы орта қалыптастыру керектігін тағы бір қаперге салды.
 «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы 2014 жылы пайдалануға берілген. 1 ауысымда 130 бала қамтылады. Орталық балалардың жазғы демалысын қамтамасыз етумен қатар, мектеп бітіруші түлектерді ҰБТ-ге дайындайды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
23 маусым 2022 ж. 314 0