Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » АРЫСТЫҚ БАЛАЛАР АЛАҢСЫЗ ДЕМАЛУДА

АРЫСТЫҚ БАЛАЛАР АЛАҢСЫЗ ДЕМАЛУДА

  Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов Жаңақорған ауданына сапары кезінде Бесарық ауылында орналасқан «Облыстық олимпиадаларға дайындау және қосымша білім беру» орталығының жұмысымен танысты. «Талдысу» тынығу лагерінің директоры Елдос Жаңабаев балалар тынығатын №1 корпусқа қарай жол бастады.

Облыстық білім басқармасы басшы­сы Майра Мелдебекова:
– Тынығу жайында барлығы 320 балаға арналған 4 корпус бар. Әрқайсысына 80 баладан жайғасқан. Балалардың тәрбиесін бақылау мақсатында 1 аға тәлімгер, 8 тәрбиеші бар. Сондай-ақ, музыкаға бағыттайтын сүйемелдеуші, дене тәрбиесінің маманы, суда жүзуге нұсқаушы, балалар оқыстан ауырып қалған жағдайда тиісті ем-дом жасайтын медбикелер мен стамотолог та бар. Күнделікті 5 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету жолға қойылған. Тынығу жайында бүгінгі таңда Арыстан 150 бала, Жалағаштан 40, Қармақшыдан 150, Жаңақорғаннан 30 бала демалуда, – деді.
Мұнан кейін өңір басшысы бастаған делегация лагерьдің корпустарын аралап, тынығушы өрендермен кездесті.
– Біз 150 бала болып, жетекшімізбен бірге Арыстан келдік. Лагерьге келе салып, бассейнге шомылып, футбол ойнап, жаңа достар тауып жатырмыз. Барлығымен тез тіл табысып, уақытты тиімді өткізудеміз. Сосын Жаңақорғанның табиғаты Арысқа ұқсайды екен. Салқын ауа, жасыл желек, таулы мекен. Адамдары да жайдарлы мінезді, бауырмал. Бізге осындай жолдама беріп, тынығуымыз үшін жағдай жасаған сіздей басшыға шын жүректен алғыс айтамыз, – деді арыстық ұлан Аянат Жарылқасын.
Өз кезегінде аймақ басшысы Қуанышбек Досмайылұлы жақында ғана Арыс қаласына барып келгенін айтып, тұрғын үйлер қарқынды түрде қайта қалпына келтіріліп жатқанын тілге тиек етті. Әрі сабақ басталамын дегенше жақсы демалып, сергіп, керемет көңіл-күймен оралуларына тілектестігін жеткізді.
Әкімнің тілегінен кейін, топ ішінен суырылып шыққан жас тынығушы «Сізбен естелік суретке түссек болады ма?» деп өтінішін білдірді. Жас өреннің өтінішін орындаған аймақ басшысы арыстық оқушылармен естелік суретке түсті.
Кішкентайлар көңілінде жарқын әсер қалдырған әкім футбол алаңқайындағы Арыс қаласынан келген балалар мен қармақшылық өрендер арасындағы жолдастық кездесуді ашып беруді артық көрмеді. «Оқушылар сарайына» аялдап, түрлі үйірмелер мен кітапхана жұмысы, оқушылардың инновациялы идеяларымен танысты. Әсіресе, робототехника каби­нетінде демалушылар жасаған робот­тардың келешегі ел игілігіне жарар дүниеге айналуын тілге тиек етті.

Ханзада ДОШАН

06 тамыз 2019 ж. 658 0