№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Үздік дәрігер»

«Үздік дәрігер»

Адам жанының арашашысы деген қастерлі мамандық иелерін қаншалықты айтсақта артық етпейді. Осы тұста, «Гиппократ антын» өзінің өмірлік ұстанымы ретінде қабылдап, қоғамның басты байлығы саналатын адам саулығының сақшысы атанып жүрген дәрігердің бірі – Тимур Жапаров. Оның денсаулық саласында еңбек етіп келе жатқанына 20 жыл. Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетінде жалпы тәжірибелік дәрігерлік мамандығын меңгеріп неврология саласы бойынша клиникалық ординатурадан өткен білікті дәрігер.
Еңбек жолын аудандық емханада бастаған Тимур қазірде аудандық аурухананың терапия бөлімінде невропотолог қызметінде.  Жас пен кәріге көмек қолын созып, дертіне шипа іздегенге дәнекер болып жүргеніне жиырма жыл. Осындай халық саулығына еткен еселі еңбегі еленіп, тәуелсіздік мерекесі құрметіне өткен салтанатты шарада өз ісіне адал берілген ақ халатты абзал жан Тимур Әшірапұлы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін омырауына қадады.Осылайша біз жылдың үздік денсаулық сақшысы ретінде Тимур Жапаровты таңдадық.
01 қаңтар 2020 ж. 1 502 0