№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Түлектер орнын тапты ма?

Түлектер орнын тапты ма?


Бүгінде колледждің келбеті көркейіп, білімгерлерге заман талабына сай құрылғылардың алынғанын бәрімізге белгілі. Асхана, тігін цехы, кітапхана, тренажер залы, мәжіліс залы қайта жабдықталып, студенттердің практикалық білім алуына жан-жақты жағдай жасалған.

– Адами капиталды дамытудың басты тетігі – өркениеттің көшінен қалмай, алға қарай ілгерілеу. Ол үшін кәсіптік оқу орындарында теориялық біліммен қатар практикалық білімге басымдық беру маңызды. Бүгінде 60 жылдық тарихы бар колледж уақыт талабына сай қайта қалыптасты. Мәселен, 2016 жылдан бері колледж «Дуальды оқыту технологиясын» тек эсперимент ретінде қолданса, 2018 жылдан бері «Дуальды оқыту» жүйесіне көшті. Яғни бұған дейін шәкірттердің көп уақыты теориямен, лекциямен өтсе, қазір 60 пайыз практикаға мән беріледі. Студенттер оқу орнында білім ала жүріп, арнайы зертханаларда жұмыс істеп, білімін шыңдайды, – дейді колледж директоры Жомарт Шәуенов.

Колледж басшысының сөзінше, қазіргі уақытта 12 түрлі мамандық бойынша 20 түрлі біліктілікті меңгеруге мүмкіндік бар. Оның ішінде, әлеуметтік, ветеринария, ауылшаруашылығы, құрылыс, өндіріс, шағын және орта бизнес саласында сұранысқа ие мамандықтармен қатар, кәсіптік тұрғыда шыңдайтын арнайы зертханалар бар. Өндірістік оқыту шеберлері студенттердің «Трактор және автомобиль», «Автомобиль тренажер», «Пісіру жұмыстары», «Станок жұмысы», «Техникалық қызмет көрсету», «Электронды ақпараттандыру», «Автоэлектрик» сынды зертханасында терең білім алуында бағыт-бағдар көрсетеді.

– Осыған дейін Мемлекет басшысының қолдауымен «Жастар жылы» аясында заман талабына сай мамандарды даярлау мақсатында «Жас маман» жобасы қабылданған еді. Онда жетекші өндіріске қажетті заманауи кадрлар жасақтау үшін ең алдымен мамандар даярлайтын оқу орындарында материалдық-техникалық базаны жаңарту маңыздылығы басты орынға шықты. Осы мақсатта сұранысқа ие 100 мамандықтың тізбесі нақтыланып, облыс бойынша 30 өндірістік оқу орны арасынан лайықты есептелген 9 колледждің бірі
– біздің аграрлы техникалық колледж болды. Осы жобаның арқасында мамандықтарды терең игеру мақсатында автокөлік қызметін көрсету зертханасы, трактор және автомобиль зертханасы, трактор, автомобиль кабинеті,жолда жүру ережелері кабинеті, автоэлектр зертханасы, пісіру жұмыстарының зертханасы мен кабинеті түгелімен жаңадан жасақталды, – дейді колледж басшысы.

– Колледждің бүгінде заман талабына сай жабдықталғанына куәміз. Заманауи технологияның барлығы үйренемін деген студент үшін қолжетімді болды. Ал, бітірген түлектер қаншалықты жұмыспен қамтылуда?

– Биыл 179 студент диплом алады. Ал, өткен жылы колледжді 176 түлек бітіріп, 127-сі жұмысқа орналасқан еді. Осыған дейінгі жылдарда да бітірген түлектер бүгінде әр салада абыройлы қызмет атқарып жүр. Мәселен, 2019 жылы «Фермер шаруашылығы» мамандығын алып шыққан Әли Мұқағали қазір «Құдірет» шаруақожалығында жұмыс атқарса, «автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығын тәмамдаған Дидар Ибрагимов «Ибрагимов» дара кәсіпкерлігінде жұмыс жасауда. Ал, өткен жылы бітірген Ерасыл Асылханұы атты түлегіміз аудандық ветеринария станциясында мал дәрігері мамандығы бойынша жұмыс атқаруда.
– Түсінуімізше, түлектер әр бағытта қызмет атқаруда. Ал, аудандағы ірі өндіріс орындарына өзіміздің мамандарды жұмысқа тарту жағы қалай?

– Биыл Шалқия кентіндегі ірі кәсіпорынмен өзара ынтымақтастық меморандумына отырдық. Яғни, «Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі» мен «Kingka Mining Construction» ЖШС (Кингка Майнинг Канстракшн) атынан басшы Дзянг Хайвен, техникалық және кәсіптік білімді дамытуға ықпал ету және техникалық қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумды жасастық. Меморандум Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Әлеуметтік серіктестік туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020- 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» орындау мақсатында жасалды.

Колледж басшысының мәліметінше, меморандумның негізгі мақсаты – кадрлар даярлау үшін колледж студенттерінің кен орнында практикадан өтуі, техникалық және қызмет көрсету мамандықтары бойынша кадрлар даярлау ісін дамытуға бағытталған бірлескен жұмыстар атқаруға мүмкіндік тудыру, әріптестік өзара тең және түсіністік жағдайында өтеді. Меморандум аясында Тараптардың білікті маман кадрлар даярлау шеңберінің өзара келісімі нығайып, қолдау көрсетіледі. Оқу орны мен жұмыс берушілер арасында жұмысқа орналастыру туралы келісім-шартына отырады. Оқу орнын бітірушілерді жұмысқа орналастыру мәселесін бірлесіп шешеді және тағы да басқа артықшылықтары бар. Демек, өзімізде даярланған мамандар өз өңірімі аумағындағы кен орнында қызмет атқапруына мүмкіндік туады. Нәтижесінде, түлектер екі қолға бір күрек іздеп өзге қалаға сабылмай, өз ауданымызда жұмыспен қамтылатын болады.

Қортындылай айтқанда, кәсіптік мамандық алған адамның нәсіпсіз қалмайтынын ұқтық. Өйткені, бүгінгідей ақпараттық технологиялар дәуірінде, заманауи аппараттардың тілін ұққанның жерде қалмасы анық.

Айсұлу Алданазар


14 маусым 2022 ж. 361 0