Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 530

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Облыс әкімі бақша өнімдерін егумен айналысатын шаруалармен кездесті

Облыс әкімі бақша өнімдерін егумен айналысатын шаруалармен кездесті


Осы кезге дейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев азық-түлік қорын көбейту және сырттан алатын өнімдерге деген тәуелділікті азайту үшін әр аудан, қаладағы ауылдарда егін егуге арнайы жер дайындауды және бақша дақылдарын егуді тапсырған еді. Нәтижесінде, аймақта 1454 гектар жер көлемі дайындалды.

Бүгін Жаңақорған ауданына сапары барысында Жайылма ауылдық округіндегі егістік алқабына барды.

Бақша дақылдарын егумен айналысатын шаруалармен кездесіп, егін мәселесінде пікірлесті.

Аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов 429 гектарға 3003 отбасының егістіктері орналастырылғанын жеткізді. Бұл дақылдардың 203 гектары қосалқы шаруашылықтан, ал 226 гектары шаруа қожалықтарының күшімен егілген тілге тиек етті.

Облыс әкімі қазіргі кезде егісті әртараптандырудың маңызды екенін және әр ауылдың өзіндік ерекшелігін ескере келе, өнімділікті көбейту қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, арналарға су жеткізу, насос қондырғыларын уақытылы алу мәселесін жеделдетуді тапсырды.




08 маусым 2022 ж. 660 0