№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Болмысы бөлек Балдырған

Болмысы бөлек Балдырған


Әр баланың өзіне тән ерекшелігі мен дарыны болады. Бастысы – сол дарынын ашып, оны жетілдіре білу. Баланың бойына тәлімді тәрбие мен сапалы білімді сіңірсек, одан міндетті түрде өмірде өз орнын табар дара тұлға шығары анық. Бойындағы қабілетімен ерекшеленіп, кітапты айнымас досына айналдырған №51 мектептің 2-сынып оқушысы – Бақдәулет Оразбекті осы қатарға қосуға болады.

Осыдан бірнеше уақыт бұрын аудандық орталық кітапханада өткен Адырбек Сопыбековтың шығармашылығын насихаттау кешінде Бақдәулет өзінің ерекше талантымен біздің назарымызды аударды. Кішкентай ғана баланың ақын өлеңдерін жаттап, нақышына келтіріп, образға еніп оқып, бас жүлдені қанжығасына байлағаны есімізде.

– Балаға өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік берген сайын алға ұмтылып, білімге, ғылымға, өнерге деген құштарлығы артады. Бақдәулет небәрі 2-сынып оқушысы болса да Абай Құнанбаевтың, Мұқағали Мақатаевтың күрделі өлеңдерін жатқа айтады. Оның таңдауына анасы да қолдау көрсетіп отырады. Болашақта бұл оқушыдан мықты маман шығары анық, – дейді Бақдәулетті жарыстарға апарып жүрген ұстазы Қызғалдақ Нәрзілдаева.

Бұл дарынды оқушының алғашқы жеңісі емес, бұған дейін де бірнеше конкурстарға қатысып, жүлделі орындар алған. Мәселен, мектепішілік, аудандық бастауыш сынып оқушылары арасында өткен мәнерлеп оқу сайыстарына қатысып, үздіктер қатарынан көрініп жүр. Білсем, көрсем деп білімге құлаш ұрған баланың арманы асқақ, мақсаты биік. Оның өскенде тележүргізуші боламын деген таудай талабы бар. Бүлдіршін болса дағы білімге құлаш ұрған дарын иесінің мінезі ауыр, айтар сөзі салмақты.

– Бос уақытымда кітап оқығанды жақсы көремін. Арасында спорпен айналысып, доп тебемін. Негізінен, ақындардың шығармаларын жаттағанды ұнатамын. Сабақ уақытында кітап оқуға уақытым болмай кетіп еді. Енді жазғы демалысқа шығып, Абай атамыздың өлеңдерін жаттап жүрмін. Кітапты көп оқу менің мақсатыма жетудегі алғашқы баспалдақ деп білемін, – дейді Бақдәулет Мақсатұлы.

– Бақдәулет 1-сыныпқа келгеннен өзгелерден дараланып тұрды. Өйткені, ол мектепке дейін-ақ кітапқа құмарланып, тақпақтар жаттап алған. Басқа оқушылар әліппе оқып жургенде Бақдәулет өлең жолдарын жатқа айтатын. Оқуда озат. Кітапқа құмар. Мектептің кітапханасында көп отырады. Осыданақ, Бақдәулеттің ерекшелігі байқала бастады, – дейді сынып жетекшісі Әзиза Әбілбашарова.

Айта кетейік, Бақдәулет бала күннен зерек болып, бес жасында әріп таныған. Ал, мектеп табалдырығын аттап, оқу-жазуды үйренгеннен бастап қолына кітап алып өз бетінше өлеңдер жаттай бастаған. Көпбалалы отбасынан шыққан дарынды баланың кітапты досына айналдырғаны қатарластарына үлгі екені даусыз.                         
                                                                                                                                   Айсұлу АЛДАНАЗАР
04 маусым 2022 ж. 338 0