№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АУДАНДЫҚ СОТТА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

АУДАНДЫҚ СОТТА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ


Жаңақорған аудандық сотында оқу сабақтарының жоспарына сәйкес «Істерді автоматты бөлу қағидасын оқып үйрену» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева мен сот қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында, аталған тақырып бойынша жетекші маман А.Алмасов баяндама жасап, өз сөзінде істерді автоматтандырылған бөлу Қазақстан Республикасы сот органдарының автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі арқылы нақты істі қарауға жұмсалған уақыт, істің күрделілігі, көп томнан, көп эпизодтан тұратыны ескеріліп есептелгенін, судьялардың жүктеме нормативінің түзету коэффициенті қолданыла отырып, келіп түскен құжаттардың хронологиясы, сот ісін жүргізудің мамандануы мен тілі бойынша жүзеге асырылатыны жайлы айтты.
Қарау мерзімі 24 сағаттан аспайтын істерді қоспағанда, 3 сағаттан астам уақыт техникалық ақаулар туындаған жағдайда істерді автоматтандырылмаған тәсілмен бөлуге жол берілетінін, істерді автоматтандырылған бөлуге кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған кезде, жауапты адам техникалық ақау туралы акт жасайды, ол сот төрағасының істерді автоматтандырылмаған бөлу туралы өкімді шығаруына негіз болып табылатынын көрсетті.

Техникалық ақаулар туралы Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган дереу хабардар етілетінін, актінің көшірмесі іс материалдарына қоса тіркелетінін, істерді автоматтандырылған бөлу қызметіне кедергі келтірген мән-жайлар жойылғаннан кейін автоматтандырылған бөлінбеген істер туралы мәлімет сот төрағасының өкімімен бірге СО ААТЖ-ға келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей хронологиялық тәртіппен енгізілетінін айтып түсіндірді.

Сондай-ақ сағат 17.00-ге дейін келіп түскен істерді сол күні, ал сағат 17.00-ден кейін келіп түскендерді келесі жұмыс күнінен кешіктірмей автоматтандырылған тәсілмен бөлу жүзеге асырылатынын, істердің автоматтандырылған бөлінуі, ҚПК-нің 55-бабында көзделген мәселелерді қарау өкілеттігіне кіретін судьяларды қоспағанда, штат саны төрт судьядан кем соттарда маманда аудандық сот төрағасының бекітіуінсіз жүзеге асырылатынын атап өтті.

Семинарды қортындылай келе істерді автоматты бөлу қағидасын оқып үйрену туралы, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін айтты.

Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі

25 мамыр 2022 ж. 156 0