» » Сот мамандары арасында семинар өтті

Сот мамандары арасында семинар өтті

Жаңақорған аудандық сотында сот мамандары арасында «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінде істерді автоматты түрде бөлу жөніндегі қағидалар»» тақырыбында  семинар өтті. 

Семинар барысында жетекші маман Р.Беркінбаев,  аталған қағида сотқа түсетін талап арыздардың, істердің, материалдардың, шағымдардың, өтініштердің, наразылықтар мен ұсыныстардың автоматты түрде бөлу тәртібін белгілейтініне тоқталды. 
«Жаңа жүйеде судьялардың мамандандырылуы, жүктемесі, басқа сотқа іс-сапарға жолдануы, қылмыстық істер бойынша тергеу судьясы немесе азаматтық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша кезекші судьясы қызметін атқаруы, алдағы уақытта еңбек демалысына шығуы, еңбекке жарамсыздық парағында болуы және т.б. факторлар ескеріледі. Бұл дегеніміз істерді автоматты бөлу барысында субъективті факторды жойып, сыбайлас жемқорлықты бастапқы кезеңде алдын алуға мүмкіндік береді», - деді.
Шара соңында қатысушылар семинардің тақырыбы бойынша пікір алмасып, туындаған сұрақтарды талқыға салды.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
10 қазан 2019 ж. 740 0