№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Мұзбалақ ақынға арналған мүшәйра

Мұзбалақ ақынға арналған мүшәйра


Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толу мерейтойына орай «Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай» атты аудандық мектеп оқушылары арасында мүшәйра өтті. Ақиық ақынға арналған аудандағы алғашқы жыр додасын өткізген аудандық оқушылар үйінің ұжымы ұйымшылдығы мен бірлігі бекем екенін байқатты.


Шарада сөз алған аудан әкімінің кеңесшісі, қаламгер Қаныбек Әбдуов үміткерлерге сәттілік тілеп, ширатуға ақын өміріне қатысты бірнеше сауал жолдап, дүниетанымдарын байқап алды.
–Ақынның өлеңдерінің сөзі шұ­рай­лы, көңілге қонымды. Қазақ­тың күнделікті күйбең тіршілігін боя­масыз жеткізген суреткерлігі қазақ поязиясының биігіне көтерді. Сондықтан қазақтың ақиық ақынын дәріптеп, оның ғұмырдерегіне терең бойлаған жас ақындарға сәттілік серік болсын. Қазақтың қара өлеңіне терең бойлап, елдің белді ақыны болуға талпына беріңіздер! – деген тілегін жеткізді.
Аудандық оқушылар үйінің дирек­торы Әлімжан Ержанов ақынның шығармашылығына арналған іс-шара қос кезеңнен өткенін еске салды. Әрі ақтық финалға жеткен 10 ақынның жазба өлеңі сынға түсетінін айтты. Мүшайраның талабына сай, өлеңдердің түпнұсқасы әділ-қазылардың алдына қойылды. Сарапқа салған өлеңдердің стилдік, көркемдік, мағыналық, ұйқастық жағынан таласқа түсті. Сондай-ақ, сахнада еркін көсілу шеберлігі де ескерілді.
Шараны қолдаған аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасар да ауданда жас ақындар легі қалыптасып келе жатқанын сөз етті. Жасыратыны жоқ, мүшәйраға сөзге жүйрік, тілге бай ақындар келді. Үміткерлер шығармашылығымен қатар өзін таныстыру бейнесюжеттік қойылы­мын ұсынды. Жалпы, өлеңдердің маңыздылығы ақынға арналған арнау үрдісінде жазылған. Және сол талап үдесінен шықты.
Бір айға созылған мүшайрада сөз өнерімен көптен бәсі биік түскен №168 орта мектебінің оқушысы Жанайым Әбдіғани бас жүлдеге лайық деп танылды. Оның жетекшісі Қалипа Сейтмұратоваға «Алғыс» хат табысталды. Бірінші орынға №223 орта мектептің оқушысы Сүйрік Асан, екінші орынға №162 орта мектеп оқушысы Ерасыл Ақбай тұрақтады. Ұстаздарының үмітін ақтаған №56 орта мектеп оқушысы Алтынкүл Төлеген мен №180 орта мектеп оқушысы Шұғыла Зәйділла үшінші орынға ие болды. Ал Нұрсинат Абдуллақызы, Нұршат Олжабай, Гүлімжан Әнуар, Ақниет Қалдар «Мұқалағали мұрагерлері» номинация жеңімпаздары болды.
Бас бейгеден озық шыққан Жанайым Әбдіғани толқыныс сезімін жасырмай: «Мұқағали мұрасы өшпес байлық. Өлеңдерінің бүгінге дейін халық арасында жиі айтылуы жүректен жүрекке жеткізе білгендігінде. Осы мүшайраға үлкен дайындықпен келдім. Әрі осы ақтық сайыстағы жасы жағынан үлкені болғандықтан, намысым мен жігерімді қайрадым. Сайысқа түскен барлық ақындар да жеңіске әбден лайық болды. Біз де бір-бірімізге деген сыйластық артып, шығармашылық байланысымызды қалыптастырып келеміз, – деп ойын сабақтады.

ТҮЙІН. «Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай» деген тақырыпта өрбіген ақтық сайыс шын мәнінде ақын армандаған үлкен банкеттен де жақсырақ өтті. Жас ақындар өзінің поэзия шыңын бағындырар азулы ақын болмақ ниеттері барын да жаырмады. Арнаулардың орамды ойларынан ақындар мектебінің жас буындарының легі қалыптасып жатқанын көңілге медеу еттік.

Мақпал МАРҚАБАЙ

17 ақпан 2021 ж. 897 0