№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бітімгерлік бірлікке үндейді

Бітімгерлік бірлікке үндейді


Сот өндірісіндегі арыз-шағымның көбеюі, жасөспірімдердің бұзақылығы, ажырасу мәселесінің белең алуы бүгінгі жиынның өзектілігінің негізі осында. Аудан әкімі мен аудандық соттың біріге көтерген мәселесінің жүгі ауқымды. Үндеуиен үндескен жиында сотсыз татуласу орталығының жұмысын дәріптеу бойынша медиациа қызметкерлері де өз ұсыныстарын ортаға салды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Айтбенбет модераторлық етті. Алғашқы кезекте сөз алған аудандық сот төрағасы Нұрлыбек Қосанов:
– Елбасының тапсырмасына сай, Жоғары сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Болатбекұлы жуырда ауданға арнайы келген болатын. Негізгі мақсаты – пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша Қызылорда облысының бекітілуі. Себебі, нағыз қазақылықтың қаймағы сақталған Сыр өңірінде дау-дамайдың өршіп кетуі алаңдатады. Сондықтан, сотсыз татуласу орталығы іске кіріскелі отыр. Оның атқаратын қызметі бар. Түптеп келгенде сотқа дейінгі мәселелерді өзара ымырамен шешу, медиаторлардың қызметіне жүгіну заман талабына сай жүзеге асырылу тиіс, – деді сот төрағасы Нұрлыбек Қосанов. Төрағаның сөзінше, қаңтар мен ақпан айының өзінде отау құрған екі шаңырақтың бірі неке бұзуға өтініш береді екен.
Сондай-ақ, жиында аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімінің бастығы Ақтөре Төлегенов, жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Сәкен Кенжебаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев пікірлерін ортаға салды. Құқық қорғау қызметкерлері, әсіресе жасөспірімдердің құқық бұзушылығы көбейгендігін алға тартады. Бір ғана мысал, өткен жылы жастармен жасалған төрт қылмыстың соңы қайғылы жағдайға соқтырды. Сондықтан, ата-налар мен мұғалімдер құқық қорғау қызметкерлерімен тығыз байланыста болу керек.
Жиын соңы сұрақ-алмасумен жалғасты. Кәсіби медиаторлар кент тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, бірге жұмыс жасауға үндеді.

Әли ТЕМІРБЕК.
24 наурыз 2018 ж. 1 257 0