№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бала бойы иманнан болса игі

Бала бойы иманнан болса игі


Бала болашағы балабақшадан басталса, сол баспалдақ сатысында қазақы тәрбиелікті, отансүйгіштік, имандылық қасиетті бала бойына дарыта білу үлкен жауапкершілікті жүктейді. Әсіресе, балғындарды осы бағытта тәрбиелеу балабақша үшін маңызды қадам. Қасиетті ораза айында имандылық тәлімді насихаттау дәстүрі мерекелік кештерге ұласып, кішкентайларға рухани азық беруде. Жуырда «Нұр-Рахман» балабақшасы осы бағытта «Қасиетті айдың қайыры мол» ұранымен «Айлардың сұлтаны – Рамазан» атты кеш ұйымдастырды.

Бұл тақырыпта рухани ертеңгілік ұйымдастыру ауқымды, мәні мен маз­мұны терең өнегені көрсетеді. Білім табалдырығын енді аттағалы отырған балалардың әр қадамы оң болуында әр өткен сабақтың берері биік болуымен құнды. Музыка жетекшісі Гүлнар Әбдіразақованың ұйытқы бо­луымен бүлдіршіндердің концерттік бағ­дар­ла­масы қызықты өтті. Қазақта «сөздің басы бисмиллә, бисмилләсіз іс қылма» деген өнегелі сөз бар. Осы ұлағатты ұстанған ұстаздар алдымен сахна төріне балалардың «Бисмиллә» әнімен шығуын қош көрді. Одан соң «Рамазан бізде қонақта» атты бейнебаян көрсетілді.
Қасиетті Құран аяттарында Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде-кім маған бір салауат айтса, оған Алла Тағала он салауат айтады, оның күнәсін кешіреді, оны он дәрежеге көтереді» – деген. Сондықтан әрдайым салауат айтып жүру – үлкен парыздың бірі. Кеште балалар хормен «Зікірулла» тақпағын жаттап, айта алды.
Пайғамбарымызға (с.а.у) келген бір пенденің «Алла елшісі, кімге жақсылық жасайын?» – деген сауалына: «Анаңа, анаңа және анаңа» деп үш рет айтып, төртінші ретте «Әкеңе» деп жауап қатады. Міне, осы бір көріністі сахналаған балалардың шынайы бей­нені суреттеуі тәнті етті. Әлихан есімді тәрбиеленушінің «Аллаға шүкір» әнінен соң ұстаздар қауымы «Зікірулла» әнін хормен айтты.
Әсерлі кештің соңында балғындар құлшылық үйіне барып, тәрбиешілермен тәлім алып қайтты. Жалпы пендеге ба­ла кезінен берілген тәрбие тамырында таңба болып басылып, болашағына баянды баспалдақ сыйлайды. Пат­риоттық, елжандылық пен мейірім-шапағат және имандылық қасиетті сіңдіре білу үлкен сауап. 
– Біздің бұл шараны өткізудегі мақ­сатымыз бала бойына осы бір қасиетті айдың ұлылығын ғана емес, жалпы адамзат бойына керек адами қасиеттерді сіңдіру. Жылдағы дәстүрге айналған шара биыл да жоғары деңгейде атап өтілді. Балғындарға осындай мәдени, рухани кеш ұйымдастыру үлкен өнеге өрімін қалыптастырады, – деді балабақша меңгерушісі Жадыра Ахметова.
Жалпы, «Нұр-Рахман» балабақ­ша­сының іргетасы қаланғанына 6 жылға жуықтады. Осы жылдар ішінде қаншама шәкірт қанат қағып, білім биігіне сапарлады. Қазір ұжымда 3 тәрбиеші, 2 көмекші тәрбиеші мен логопед маманы және әдіскер Динара Асылбек қызмет атқарады. Ментальді арифметика, «тәй-тәй», «ойын», «ТРИЗ» және ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы дәріс беретін мекеменің бір күндік тыныс-тіршілігі осындай. Бүгінгі тағы­лымды кештен біз де әсерлі қайттық, ең бастысы, шәкірттердің білімінен білік пен тәрбиелік тұғыры тұнып тұрса абзал. Біз оны да шараның шымылдығынан көрдік.
Әли ТЕМІРБЕК
01 мамыр 2022 ж. 466 0