№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Рамазан сыйы


Қасиетті Рамазан айының қарсаңында аудандағы орталық мешітте Құран Кәрімнің І парасын жатқа оқу және азаншылар арасында облыстық байқау өтті. 120 шәкірт қатысқан рухани байқау жеңімпаздарын марапаттауға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай мен облыстың бас имамы Болатбек Әбуов қатысып, жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды.


«Алланың сөзі де рас, өзі рас», – деп ұлы Абай атамыз айтқандай, Құран-кәрімді үйреніп, оны жатқа айту ұрпақ тәрбиелеуде оларды тура жолға бастаудың таптырмас жолы екені рас. Осы ретте Алланың түсірген кітабын жатқа оқу жастардың бойындағы имандылық пен парасат-пайымның мол көрінісінің бірі. Осы орайда ұйымдастырылған байқауда Азан жарысынан Қайрат Сарыбай топ жарып І-орынды қанжығасына байлады.

Ал, Жұбан Әбілқайыр ІІ орынды иемденсе, Азиз Серікқали ІІІ орынға жайғасты. Одан әрі Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша Қалдыбек Әділбек бас жүлдені жеңіп алса, ІІ орын Рахат Баймұратқа, ІІІ-орын Сұлтан Мұхамеджанға бұйырды. Сондай-ақ, Құранның І парасын жатқа оқу бойынша Ернар Алғабас жеңіске жетіп, Ұмра қажылығына жолдама алса, Асқар Байпатшаев 1-орынды иеленді. Ал, Досхан Мәулен ІІ орынды, Ерасыл Ақжігіт ІІІ орынды қанағат тұтты.

Жеңімпаздарды құттықтау шарасының соңы қайырымдылыққа ұласып, аудандық орталық «Алты ата» мешітінің ұйымдастыруымен 100 отбасыға азық-түлікпен толтырылған «Рамазан сыйы» тартылды.
Рухани шара соңында Бас мүфти аудан тұрғындарын келе жатқан Рамазан айымен құттықтап, қайырымдылық шарасына ұйытқы болған мешіт имамдары мен жомарт азаматтарға алғысын жаудырды.
Иә, асыл дініміз Исламның баға жетпес құндылығы, екі дүниенің бақытына жеткізетін Алланың кәләмі Құран екені даусыз. Мыңдаған жылдар өтсе де ешқандай қарпі өзгермеген Құран-кәрім адамзатты тура жолға бастап келеді. Ол ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы. Кез-келген адам үшін бала қымбат болса, оның тәрбиесі одан да қымбат. Осы ретте жаңақорғандық еріктілердің ұйытқы болуымен өткен рухани шараның өскелең ұрпаққа берер тәлімі мен тәрбиесі мол.

Айсұлу Алданазар
29 наурыз 2022 ж. 306 0