№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ажырасуға асықпаңыз

Ажырасуға асықпаңыз

Неке – отбасын құрудың негізі.
Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ неке болып табылады.
Алайда,елімізде некеге тұра сала ажырасушылардың саны артып отырғаны жасырын емес.
Көптеген адамдар үшін некені бұзу процесі моральдық жағынан да, бюрократиялық жағынан да жағымсыз болып табылады.
Дегенмен, кейінгі кезде құндылықтар құлдырап, шаңырақ шайқалуы оңай болып кетті.
Күнделікті сот тәжірибесінде түрлі тағдырға куә болып жатамыз.
Мысалы Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы У. жауапкер С-дан араларындағы неке бұзу жайлы талап қоюымен азаматтық іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы У. неке бұзу туралы талап арызында жауапкермен 2010 жылы заңды некеге тұрғандарын, некеден ортақ бес балаларының барын, жауапкермен өзара түсінбеушілік салдарынан ара-қатынастары үзілгендерін көрсетіп, некені бұзуды сұраған.
Нәтижесінде істі қараған судья тараптарға дауды бейбіт жолмен реттеу оның артықшылықтары мен отбасы құндылықтарын түсіндірді.
Сотқа тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, осы бекіту туралы өтініштер келіп түскен.
Медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің шарттары бойынша, талап қоюшы некені бұзу туралы талап қоюдан бас тартып, ал жауапкер болашақта өз отбасын сақтап қалу үшін барлық күш-жігірін салуға міндеттенген.
Сот ұйғарыммен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Бұл өз кезегінде медиацияның тараптар арасындағы дауларын шешудегі тиімді тетік екенін көрсетеді.
Әрине, ажырасамын деген адамға сылтау да, себеп те табылары анық. Алайда, кез келген ажырасушы «ажырасамын» деген ойды санаға алмас бұрын жауапкершілікті сезініп, ортадағы баланың жағдайын, оның «әкем қашан келеді» немесе «анам қашан келеді» деп жәутеңдеп өспеуін ойласа игі болар еді. Себебі, отбасы – мемлекеттің тірегі, Отанның ұйытқысы.
Дегенмен, соңғы бір-екі жылда ажырасу мәселесінде сәл саябыр байқалатындай.
Адамның ашуы алдымен келіп, отбасын ойран-топыр етіп кетсе де, соңынан келген сау ақылдың бәрін жөндеп, сынғанды бүтіндеп, үзілгенді жалғап жіберетін қасиеті бар. Жоғарыда мысал еткен жандардың сот шешімінен кейін де ақылға келіп, ұл-қызының болашағы үшін ошағын қайта жаққаны – нағыз адамшылық деп түсіндік.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
27 сәуір 2022 ж. 242 0