№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ СОТЫНДА МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ОТБАСЫ САҚТАЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ СОТЫНДА МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ОТБАСЫ САҚТАЛДЫ



Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы О. жауапкер Қ., араларындағы неке бұзу жайлы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер М. неке бұзу туралы талап арызында жауапкермен 2019 жылы заңды некеге тұрғандарын, некеден ортақ балдарының барын, жауапкермен өзара түсінбеушілік салдарынан ара-қатынастары үзілгендерін, жанұяны сақтап қалу мүмкін емес екенін, жасы кәмәлетке толмаған балдарының тұрғылықты мекен-жайлары бойынша келісімге келгендерін көрсетіп, некені бұзуды сұраған.

Алайда, сотқа тараптардан істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы өтініштері және дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекіту туралы өтініштер келіп түскен.

Медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің шарттары бойынша, талап қоюшы некені бұзу туралы талап арыздан бас тартып, ал жауапкер болашақта өз отбасын сақтап қалу үшін барлық күш-жігірін салатынын айтты.

Сот ұйғарыммен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Бұл өз кезегінде медиацияның тараптар арасындағы дауларын шешудегі тиімді тетік екенін көрсетеді.

Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
10 қараша 2021 ж. 268 0