№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тілсіз жауға тосқауыл

Тілсіз жауға тосқауыл


Қазақта «сәуір болмай, тәуір болмайды» деген тәмсіл бар. Иә, сәуір айы жауын-шашынның мол түсіп, диқандардың қара жерге дән тастауынан басталды. Күн жылынып, орман мен көл-тоғандарға, дария маңына демалушылардың да қатары көбейді. Әрине, дала төсінде, таза ауада бас қосқанға не жетсін, бірақ тазалық пен өртті болдырмауға сақ болған абзал. Орман-тоғай, өзен-көл жағалауында оттық пайдаланғанда барынша сақ болған жөн. Биыл дала өртінен қауіп келген жоқ, бірақ қамсыз қарап отыруға да болмайды. Өрт болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін оқу-жаттығу арқылы пысықтап алу маңызды. Осы бағытта биылғы жылдың алғашқы өрт тактикалық жаттығуы ұйымдастырылды.
Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданында орналасқан Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі КММ №6 айналымының №37 оралымында күндізгі мезгілде өрт тактикалық жаттығуы өткізілді. Жылда осындай оқу-жаттығуға қатысатын болғандықтан тәжірибелі маманға айналдық. Дабыл қашан, қалай беріледі, өрт сөндірушілердің әрекеті қалай жүргізілетінін түсініп, тәжірибелер тоғысының куәсіміз. Шыны керек, бетін аулақ қылсын, өрт пен судың салдары өте үлкен. Шағын жердегі өрттің өзі үлкен қатерге соқтыруда.
Сонымен, жаттығудың мақсатына сәйкес, барлық қатысушыларға өрт оқиғасы бойынша орталық штабтан команда берілді. Өрт тактикалық жаттығуында штаб құрамы жедел қызметке кірісіп, әрекетке көшті. Шақыру белгісі «Түгіскен 143» өрт сөндіру автокөлігі оқиға орнына барып, жауынгерлік қанат жайып, бір «Б» оқпаны арқылы солтүстік жағынан өрт ошағына су берді. Одан соң, «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің» АЦ-5/40 Урал 5557-60 өрт сөндіру автокөлігі оңтүстік-батыс жағынан барып, жауынгерлік қанат жайып, бір «Б» оқпаны арқылы су берді.
1-інші аймақ бастығы «Түгіскен-7» штабқа шақыру белгісі «Түгіскен-143» АЦ-6-40 Урал 5557-10 өрт сөндіру автокөлігінен «Б»оқпан» арқылы су беру жұмыстарын жүргізіп жатқандығы жайлы, өрт аумағы шамамен 5 га жерді құрайтынын баяндады. 2-аймақ бастығы «Орман-2» «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ АЦ-5/40 Урал 5557-60 өрт сөндіру автокөлігінің күшімен оңтүстік – батыс жақ бөлігіндегі өрттің беті қайтарылғандығын штабқа баяндады. Осылай жаттығу жұмысы жалғасып, пысықталды.
– Оқу-жаттығуға «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінен» 3-техника және 7 өрт сөндіруші, 20 орманшы қатыстырылды. Кейден ауылдық округінен 3 техникамен 12 тұрғын жұмылдырылды. Сабақ өткізу алдында барлық оқу-жаттығуға қатысушылар сапқа тұрғызылып, «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің» №6 айналымының №37 оралымындағы бірлесіп өткізілгелі тұрған оқу-жаттығудың мақсаты түсіндірілді. Бетін аулақ қылсын, дегенмен өрт айтып келмейтін апат болған соң қай кезде де дайын болуымыз керек. Біздің мақсатымыз осы, – деді төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Берікбай Омаров.
Оқу-жаттығудан соң барлық оқу-жаттығуға қатысушылар сапқа тұрғызылып, оқу-жаттығу қорытындыланды. Барлық тараптың өкілдері бірлесіп өткізілген оқу-жаттығуға оң бағаларын берді.
Былтыр жыл басынан аудан көлемінде 13 өрт оқиғасы тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 3 өртке кеміген. Биыл да бұл көрсеткіш азаюда. Десе де орман өрті азаяр емес. Ескерте кететіні, егер орман қоры аумағында от жағып, жанып тұрған шырпыны, темекі тұқылын тастаған болсаңыз, жанар-жағармай заттары сіңген сүрту материалын олар үшін арнайы көзделмеген орындарда қалдырып, ашық отты пайдалансаңыз айыппұл арқалайсыз. Аталған қағиданың талаптарын сақтамай, ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 367 бабында жауапкершілік қарастырылғанын, яғни жеке тұлғаларға 10 АЕК мөлшерінде (29 170 теңге) айыппұл салуға, ал өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет жеке тұлғаларға – 25 АЕК мөлшерінде (72 925 теңге) айыппұл салуға әкеп соғатынын «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» ескертеді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын сақтамау арқылы өз меншігіңіз бен денсаулығыңызға және де өзге де азаматтардың меншігіне, табиғат байлығы мен мемлекет мүлкіне үлкен зиян келтіресіз. Төтенше жағдай немесе өрт оқиғалары болған жағдайда тез арада «101» немесе «23-1-01» телефонына хабарласу керек.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
23 сәуір 2022 ж. 395 0