№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көліктерімізді өрттен қорғайық

Көліктерімізді өрттен қорғайық


Қауіпсіздік ережесі барлық салаға, барлық жерге қатысты. Соның ішінде көлікте қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңызы зор. Өйткені статистика соңғы жылдары көлік өртінің көбейіп кеткенін байқатып отыр. Ал алда жалда рөлде келе жатқаныңызда көлігіңізде өрт шықса, көліктен бұрын өзіңізді құтқаруға тырысарыңыз анық. Сондықтан қауіпсіздік ережесін сақтауға тырысу керек. Статистикаға сенсек, жыл сайын ауданда 15-тен астам автокөлік құралдарында өрт шығады екен. Бұл өрттердің жалпы санының 20% құрайды.
Автокөлікте болып жатқан өрттер соңғы уақытта өрт сөндірушілер үшін өзекті мәселеге айналды. Сырттан әкелінген шетелдік көліктер ұзақ жыл бойы қолданыста болғандықтан және электр сымдарының тозуы, сондай-ақ, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу салдарынан өртенуде.
Автокөлікті ұзақ пайдалану және қолдан жасалған сақтандырғыштарды қолданудың нәтижесінде өрттің туындау ықтималдығы күшейеді. Автокөліктерді қазіргі заманға сай етіп жасау кезінде көп жағдайларда полимерлер, пластик және басқа да синтетикалық материалдар қолданылады, олардың барлығы да тез жанғыш. Мұндай материалдар жанған кезде бөлінетін газдар аса улы. Автокөліктегі өрттердің туындау мүмкіндігін барынша азайту үшін көлік жүргізушілеріне түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстары көбірек жүргізілуі керек.
Осы орайда айта кетер жайт, соңғы кездері елімізде газбен жүретін жеңіл көліктердің саны артып келеді.
Жаңақорған ауудандық төтенше жадайлар бөлімінің бастығы Берік Омаров: «Өрт санының көбеюі, адамдардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, электр сымдар, сигнализация, автооталдырғыш осының бәрін машинаға орнатуы салдарынан көбейіп отыр. Қозғалтқыш бөлігінде өрт шыққан кезде оттегі ағынынан жалынның өршуін болдырмау үшін автокөліктің капотын толығымен ашып тастауға болмайды. Осындай жағдайда өрт сөндіргішті жанып жатқан аумаққа бағыттап, өрт сөндіргіш затты себу қажет. Сонымен қатар жануды тез арада табу және оны жою үшін шараларды тез арада қабылдау өте маңызды. Бензин, күйген оқшаулағыш иісі және автокөлік капотының астынан шыққан түтін сияқты факторлар өрттің шығуының себептері болуы мүмкін. Ал автокөліктегі өрттердің шығу себептерінің ең кең таралған түрі – қысқа тұйықталу, энергия тұтынатын қондырғыларды қосымша пайдалану салдарынан электр жүктемеге шамадан тыс күштің түсуінен туындайды. Сондықтан оқшаулағыштардың жағдайы мен байланыстар сапасына аса назар аудару қажет. Электр жүйесіндегі барлық өзгерістер мен сымдардың біріктірілуін мүмкіндігінше білікті мамандар сапалы тексерулері тиіс» дейді.
Қазір көшенің қақ ортасында өртеніп жатқан көліктерді жиі байқаймыз. Бұл өте қауіпті. Сондықтан автокөлігіңізде өртті болдырмау үшін отты қолданғанда ұқыпты әрі абай болу керек. Ең бастысы – автокөліктің қозғалтқышын жөндеу кезінде өз күштеріңізге ғана сенбеңіздер. Пайдалануда болған сақтандырғыштардың орнына зауытта жасалған сақтандырғышты сатып алу керек, ол сізге электр сымдарының қысқа тұйықталу қауіпсіздігіне кепілдік береді. Арнайы техникалық қызмет көрсету стансыларында да қауіпті жағдай орын алуда. Автокөліктердің көбеюіне байланысты әрбір қиылыста жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар іспеттес ТЖО және автожуу орындарының саны артуда. Өкінішке қарай, осы сервистердің қызметкерлері өз шеберханаларының тиісті өртке қарсы жағдайын сақтамайды. Белгіленбеген орындарда темекі шегеді, тиісті өртке қарсы іс-шараларсыз дәнекерлеу жұмыстарын жүргізеді. Мұндай бұзушылықтар міндетті түрде өртке әкеледі. Газды пайдаланатын автокөліктер үлкен алаңдаушылық тудырады. Үнемділігі мен қоршаған ортаға келтіретін зиянының аздығымен қатар газ-баллон жабдықтарын пайдаланумен байланысты бірқатар проблема да бар. Мамандандырылмаған стансыларда сапасыз жабдықтарды орнату көбіне олардың істен шығуына, соның салдарынан жарылыс пен өрттің туындауына әкеп соқтырады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін жабдыққа және оған кәсіби монтаждау жүргізу үшін стансыны таңдауда қаржыны үнемдеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, газбен жабдықталған автомобильдер қызмет көрсетуде көп назар аударуды талап ететінін ұмытпаңыз. Автокөлігіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қозғалтқыштың жарамдылығын үнемі бақылап отыру керек. Электр сымдарында ақаулықтар болса, май немесе бензин аққан жағдайда автомамандарға хабарласыңыз. Ең бастысы, сыйымдылығы 2 келіден кем емес ұнтақты немесе көмірқышқыл құрамды жарамды өрт сөндіргіші болуы керек.
Азамат Қорғанбаев
Жаңақорған аудандық
төтенше жағдайлар бөлімінің инженері
11 сәуір 2022 ж. 264 0