» » Көлік өрті жиіледі. Неге?

Көлік өрті жиіледі. Неге?

2019 жылдың 12 айында аудан көлемінде автокліктере 16 өрт оқиғасы орын алса, 2020 жылдың осы уақытына дейін автокөліктерде 5 өрт оқиғасы тіркелген. Өрт оқиғасы салдарына 3 жеңіл автокөлік толығымен өртенген.
 Автокөліктерде өрттердің шығу себебі: автокөлік құралдарында сымдардың қысқа тұйықталуынан, газ құю кезінде өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтамау, газ қондырғыларының ақауынан, авткөліктерге шөпті шамадан тыс артуы салдарынан орын алып отыр.
Автокөлік иесінің жауапкершілігі жоғары болған жағдайда жану мен өрт оқиғасының алдын алуға болады. Автокөлік иелерінің тарапынан төменедегі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырырымыз:
- жолда жүргенде өрттің болу қауіпін байқаған жағдайда дереу автокөлікті тоқтатып, салондағы барлық жолушыларды автокөліктен сыртқа шығару қажет;
-аккумуляторды тікелей көлік құралында зарядтауға болмайды; 
            -жарықтандыру үшін ашық от көздерін пайдалануға болмайды; 
            - май құю бактарының аузы ашылған күйінде  көлік құралдарын қалдыруға болмайды;
            - тек қозғалтқышқа ғана емес, сондай-ақ автокөліктің электр бөлігіне де техникалық қызмет көрсетуді кезең сайын жүргізу қажет;        
             - автокөлікті жарамды өрт сөндіргішпен қамтамасыз ету керек;           
            Барлық автокөліктерде міндетті түрде өрт сөндіргіштер болуы қажет.  Өрт сөндіргіштің сиымдылығы неғұрлым үлкен болса, қажет болып қалған жағдайларда өзіңізге тиімді болады.Сонымен қатар автокөлік иелері: автокөліктердің жыл сайынғы техникалық байқаудан өту кезінде автокөліктердің кабел (сым) жүйелеріне аса көңіл бөлу және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуын қатаң сақтаңыздар.
Төтенше жағдайлар кезінде "101" немесе "112" нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ұмытпаңыздар.

М. Белсенбаев,
Жаңақорған ауданының
Төтенше жағдайларбөлімінің
аға инженері
18 маусым 2020 ж. 674 0