Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көлік нарығы: Біздің аудандағы ахуал қалай?

Көлік нарығы: Біздің аудандағы ахуал қалай?

Біздің ауданда соңғы жылдары көлік саны бірнеше есеге артты. Оның бір ғана дәлелі – аудан басшылары халықпен кез­десу кезіңде елді мекен көшелерін орташа жөндеу мәселесі өткір айтыла бастады. Аудан әкімі Руслан Рүстемов осыны ескеріп, жол құрылысына басымдық берді. Сөйтіп республикалық, облыстық, аудандық бюджет есебінен 63 шақырым құрайтын 61 автомобиль жолы орташа жөндеуден өтуге бас­тамашыл болды. Аудан қазынасынан 42 көшені (36 шақырым) асфальттауға қаржы бағыттады. Неге? Себебі, көлік саны көбейіп келеді. Енді олардың инфрақұлымын жетілдіру маңызды...

Аудандық Мемлекеттік кірістер бас­қармасында бүгінгі таңда 15 638 көлік тіркеуде тұр. 2019 жылы «Жол апаты жиіледі» деген мақала жазғанымызда: «Ел бойынша 12 314 көлік болса, оның 9 113-і жеңіл автокөлік. Оған Ресей, Армения және Қырғызстаннан келген 500-ден аса көлікті қосыңыз» деген дерек беріппіз. Енді қарапайым арифметикаға салып, екі-үш жылда көлік саны екі есеге артқанын көруге болады.
Бізде бір жаңсақ пікір бар, жол ережесін көбіне ресейлік көліктер бұзады деген. Аудандық полиция бөлімі жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Жүргізушілерге құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделіп, айыппұлдар төленген соң, көліктері айып алаңынан шығарылады. Рейдтік шаралар жүргізу кезінде тек ресейлік тіркеудегі көліктер ғана емес, барлық автокөлік иелерінің жол ережесін (оның ішінде қауіпсіздік белдігін тақпау, автокөлік жарығы жоқ) бұзу әрекеттері тіркелген.
Жалпы алғанда, ешкімнің атында жоқ көліктерді басқаруға тыйым салынған талап Жол жүрісі туралы Заңының 63-бабында көрсетілген. Яғни елге әкелінген автотехникалық құралдар міндетті мемлекеттік тіркеуге алынуы тиіс, ал халықаралық қозғалысқа қатысты мемлекеттердің құзырлы ор­ган­дарында тіркелген көліктерге 1 жыл көлемінде жүруге рұқсат етілген. Облыстық мемлекеттік кірістер депар­таменті экспорттық бақылау бас­қар­масының басшысы Қайырбек Дүр­менбаевтың айтуынша, мемлекеттік көліктерді алғаш тіркеу құны 729 теңге, 2 жылдан 3 жыл аралығындағы көліктер үшін 145 850 теңге, 3 жылдан жоғары жеңіл көліктерді тіркеу 1 458 500 теңге.
Біздің түсінгеніміз, шет елден кел­ген көліктер – Армения, Қырғызстан, Ресейдің нөмірімен жүрген көліктер елдің барлық заң талаптарына сай реттелуі тиіс. Олай болмаса, әңгіме бөлек. Уақыт бар кезде ерте қамданып, құжатыңызды ретке келтіріп алыңыз, қалғаны уақыттың еншісінде.
Мұндай қадамға барудың тағы бір сыры – елдегі жол-көлік оқиғасының көбісі шетелдік нөмірмен жүрген көліктердің қатысуымен орын алуда. Мәселен, Sinooil май құю бекетінің маңында екі көлік соғысып, адам шығыны орын алды. Бұл оқиғаның негізгі кінәлісі ресейлік нөмірдегі жүргізуші екені белгілі болды.
Шетелдік нөмірмен жүрген көліктерге қысымның ең негізгісі – көлік салығын ретке қойып, жол ережесін бұзғандарға айыппұл төлетудің жолын реттестіру деп түсіндік.

P.S.: Көлік нарығында тұрғындар­дың талабымен талғамынан туған мін­деттер­ді саралай келе шектеу шара­ларының мән-маңызын ашуға мән бер­дік. Біздің бір білеріміз, халықтың көлікті тұтынушылық талабы өсе береді. Енді отандық көлік құрастырушылар халықтың күнкөріс деңгейіне жететіндей автокөліктерді шығаруды ойластыратын кезі келді. Ең болмағанда, Өзбекстанның тәжірибесіне сүйену керек секілді. Өйт­кені, елдегі көлік салондарында ең көп сатылған өзбекстандық көліктер екен.

Әлібек ТЕМІРБЕК
16 қараша 2021 ж. 373 0