№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Темекінің зияны

Темекінің зияны

   Адам баласын тәуелді еткен зиянның бірі – темекі. Өкінішке қарай, зардабы орасан екенін біле тұра шылым шегуден дер кезінде құтылатындар қиын. Салдары белгілі. Темекімен қоғам болып күресудің нәтижелері қандай? Осы жөнінде азды кем ақпарат берсек.


     Темекі тарту халық арасында ертеден келе жатқан зиянды әдеттердің бірі. Оны осы кезде еркек те әйелде, қартта жас та тартады. Құмарпаздар бір шылымды шегіп үлгермей екіншісін бастайды. Үлкендерге еліктеп папирос қалдықтарын балаларда аузына қыстырады. Бұл әдет алғашында еліктеу түрінде болғаны мен келе-келе олар әдетке айналып үйреніп кетеді. Құныққан адам ертемен төсектен көзін-сипастан темекіге ұмтылады. Көп адам темекіні жұмыс үстінде, үзіліс кезінде, көшеде, далада, қарны ашса да тамақ ішсе де шегеді. Үлкен–кіші бірдей әуестенетіндей осы темекіде не бар? Онда қызығарлық түк те жоқ. Ақиқатына келсек, оның ішінде никотин-дейтін нерв жүйесіне, ас қорыту,тыныс алу, жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсер ететін ерекше у бар. Никотин суда тез ериді, сондықтан ол ауыздың, мұрынның,кеңірдек тарамдарының кілегейлі қабықшасына оңай сіңді, сонан соң сілекеймен бірге асқазанға, ішек қарын жолына өтеді. Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы улы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауып төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі. Никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, кацерогенді және радиоактивті изотоптар бар. «Темекі шегу-адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық» деген болатын орыстың ұлы белгілі фармакологы И.М. Догель. Өйткені адам баласында темекіге қажеттілік жоқ. Адамның шеккен алғашқы сигареті оның басын айналдырып, жөтелдіріп, жүрегін айнытып, басын ауыртып, көптеген жағымсыз әсерлер беретіні белгілі. Байқасаңыз адам табиғатының өзі оны сақтандырып тұрған тәрізді. Әйтсе де, жас адамның ересек көріну, қатарынан қалмау, кәнігі шылымқор болып көрінгісі келуі сияқты орынсыз тілектері оны шылымды үсті-үстіне шегуге итермелейді. Адам темекіге деген ағзасының табиғи жиренішті реакциясын жеңіп, ағзасын темекі түтініне үйретеді. Нәтижесінде темекінің улы әсері бірте-бірте әлсіреп, оның орнына қысқа мерзімді эйфория (жағымды әсер) басады. Еуропаға темекіні Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. 1992 жылы еуропалықтар осы қайғылы датаның 500 жылдығын атап өтті. Ал Африка мен Американың халқы оның дәмін бірнеше ғасыр бұрын татқан болатын. Темекінің Еуропаға кеңінен таралуына француз ғалымы Жан Нико да себептер болды. Ол теңізшілер әкелген темекіні өсіріп, өзінің атымен аталған «барлық ауруларға қарсы ем»- никотинді тапты. Алдымен темекі өсімдігінің сабақтарын кептіріп, ұнтақтап, оны иіскеу сәнге айналған еді. Кейіннен оны тұтатып шегу бұл «дәстүрді» ығыстырып шығарады. Бірте-бірте түрлі сигаралар, темекі трубкалары, папиростар мен сигареттер пайда болды. Бұл әдетте адамзат тарихыңдағы қасіретті қадам еді. Өйткені темекі шегу кезінде ауа оның жанып жатқан бөлігінен өтіп 500 градусқа дейін қызады. Табак ыстықпен құрғақтай өңделіп, оның құрамыннан бөлініп шыққан аммиак, көмір тотығы, шайыр, канцерогенді көміртегілер, радиоактивті изотоптар мен түрлі улы заттар түтінге қосылады. Сонымен бірге түтін өкпенің жалпы көлемі 100 шаршы метр болатын альвеолаларын тұтастай толтырады. Өкпе эпителийінің мұндай үлкен көлемімен жанасқан түтіндегі улы заттардың бөлшектері толығымен өкпе ткандеріне, қанға өтеді. Демек, темек шегу- табактың компоненттерінің тыныс жолдарымен өте тығыз және толық жанасуы және зиянды әсер етуі болып табылады. Темекі түтіні-темекінің жануынан болған өнімдер, олар ауада қалықтаған өте майда құрғақ тозаң және милимикронмен өлшенетін көлемдегі сұйықтық тамшылары түрінде болады. Темекі түтінінің құрамы бірнеше жүздеген заттардан тұрады. Оның ішінде өте улы никотин, көміртегі тотығы, аммиак, күкірт-сутегі, формальдегид, фенол, түрлі қышқылдар, қорғасын, мышьяк, сынап, кадмий, кобальт, радиоактивті элементтер, құрамында канцерогенді бензопирен бар темекі шайыры сияқты элементтер бар. Осы аталған заттардың қайқайсысы болмасын, кезкелгені адам ағзасына зияны тигізбей қоймайды.
    Лев Толстой да «Адамды ессіз түрде баурап, небір сорақы әрекеттерге жетелейтін ең қарапайым азғырғыштың түрі», бәрі де солай істейді ғой»- деген ақталу болатын. Темекі шнгетін жасөспірімдердің жүйке жүйесі нашарлайды, оларда ашушаңдық, тез әсершеңдік пайда болады. Ал олардың есте сақтау қабілеті мен зейін қойып ойлауы 5-7 пайызға төмендейтіні эксперименталды түрде дәлелденген. Демек, оқу қиындай бастайды. Оның үстіне мұндай оқушыға жақсы спортшы болуға жол жабық. Темекі шегу наркоманияғада бастайтын жол. Осыны естен шығармау керек. Есесіне темекіден бас тарту адамзатты сауықтырудың басты жол деп түсінуіміз қажет.
Азамат ҚОРҒАНБАЕВ
Жаңақорған ауданының төтенше
жағдайлар бөлімінің инженері
08 сәуір 2022 ж. 562 0