БАЛЫҚ АУЛАУҒА УАҚЫТША ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде Арал теңізіне құяр сағадан Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуір мен 30 мамырды қоса алғандағы аралықта, Кіші Арал теңізінің (Сарышығанақ және Бутаковка шығанағына, сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда мұздың ыдырауынан бастап маусымның 10-на дейін) су айлағында, 1 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілген.
Сонымен қатар, артемияның көбеюі кезеңінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасының аумағы шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 сәуірден 31 шілдені қоса алғандағы аралықта артемия жұмыртқаларын жинауға және дайындауға тыйым салынғандығын хабарлаймыз.
Оған қоса, бұл мезгілде аң-құс атуға болмайтындығын ескертеміз.
Облыстағы табиғат пайдаланушылардың назарына, балық шаруашылығын жүргізу келесім-шартқа сәйкес жоғарыда көрсетілген кезеңдерде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және учаскелерінде балық ресурстарының қорғалуын қамтамасыз етуді ескертеміз.
Байланыс номері: 872-4-35-22-3-31
Жаңақорған орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме.