№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балық аулауға тыйым салынды

Балық аулауға тыйым салынды


Сырдария өзенінде балық бұрынғыдай емес, азайды деген жаңалықты есту шынында ауыр екен. Оған себеп жоқ емес, дария деңгейі жыл сайын төмендеп барады, заңсыз балық аулау, одан қала берді тоқпен ұру, соңында экология тақырыбы шарықтап шыға келеді. Осыған байланысты балық шаруасын дамытуды жаңақорғандық кәсіпкерлер де қолға ала бастады. Қазір ауданда 26 көл болса, соның 6-ы тауарлық негізде. Яғни, олар биылдан бастап субсидия алады деген сөз. Демек, келешекте бұл кәсіптің көкжиегі кеңейеді.


Оған дейін дариядағы балық көлемін көбейту үшін жылдағы дәстүрге сай шектеулер басталды. 1 сәуірден бастап Қызылорда облысында «Уылдырық-2022» жедел-профилактикалық алдын алу шарасы 2 ай жүзеге асады. Бұл жөнінде толық «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ түсіндірді.
Хабарландыруда ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2015 жылдың 24 шілдедегі №190 бұйрығына сәйкес, Облыс аумағындағы Сырдария өзенінде 1 сәуірден 31 мамыр аралығында, облыс аумағындағы су айдындары және учаскелерінде 20 сәуірден 10 маусымды қоса алғанда балық аулауға тиым салынады делінген. Демек, осы аралықта балық аулауға мүлдем болмайды. Қармақ, тор құруға да болмайды. Осы аралықтарда балық ұрық шашып, көбею қарекетінде болады.
Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жедел-профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізуі мүмкін. «Рейдтік іс-шаралар 1 сәуір – 31 мамыр аралығында Сырдария өзенінде, 20 сәуір – 10 маусым аралығында барлық су айдындарында, сондай-ақ 1 мамыр – 10 маусым аралығында Кіші Арал теңізінде өткізіледі», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Біздің айтпағымыз, табиғат байлығын заңсыз аулап, талан-таражға түсіргеннен гөрі көбейтіп, пайдасын көргенге не жетсін. Ол да уақыттың еншісінде...

Әлібек ТЕМІРБЕК
06 сәуір 2022 ж. 493 0