№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ұстаз – баланың жанының шырақшысы

Ұстаз – баланың жанының шырақшысы

Шұғылалы көктем айы мереке мен берекеге толы мезгіл. Жан біткеннің жаны жадырап, ерекше көңіл-күйге бөленеді. Табиғаттың ерекше кезеңі көктеммен бірге қуаныш пен бақытты бөлейтін күннің бірі – аналар мерекесі. Осындай әдемі уақытта №229 орта мектебінде «Ана баланың тәнін шынықтырса, ұстаз баланың жанын шынықтырады» деген тақырыпта мерекелік іс-шара болып өтті.
Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айзада Бейсенова мен тәлімгер Мақпал Жұматаева, психолог мамандары Мадина Әбуова мен Ақтілек Сабырханның ұйымдастыруымен тәр­биелік мәні зор, тағылымды шара өтті. Ұстаздарға мектеп ауласына кірген сәттен бастап, сазды әуен ойнатылып, жанды жадыратар әдемі сөздер мен құшақ-құшақ гүлдер табысталды.
Мерекелік кештің барысында ба­лалар әсем әндер айтып, би билеп, сахналандырылған «Анаға тағзым» қойылымын, қуыршақ театр­ының «Анама сыйлық» ертегісін  ұйым­дастырды. Балалар өз қолдарынан шыққан өнер туындыларын ана, әжелеріне сыйға тартты.Сонымен қатар, ұстаздардың шәкірттеріне деген «Тілек бұрышында» қол­таңбалар естелік ретінде қалды. Мектеп директоры Ж.Манамбаевтың құттықтау сөзінен кейін марапаттар берілді.
Осы мектептен білім алып ұшқан шәкіртіміз Зұлхаров Серік­тің ұстаздарына және мектеп оқу­шыларына деген ізгі ілтипа­ты бағдарламаның сән-салтанатын кір­­гізіп, «Көңілді анниматорлық аю­лар­ды» әкелген сәті де мерекенің шырайын қыздыра түсті.
Қорытындылай келгенде, осы­ның бәрі ұстаз еңбегінің жемісі деп білеміз. «Дүниеде үш нұр бар. Біріншісі – күннің нұры, екіншісі – ақылдың нұры, ал үшіншісі – ана­ның нұры дейді халық даналығы. Күнделікті тұрмыстағы басты құн­дылықтарымыз аналардың бақыты отбасының жарасымды тірлігі десек қателеспейміз.  Өйткені, аналарды ардақтағанымыз – әсемдік пен адал­дықты ардақтағанымыз», – дейді мерекелік шараға жиналғандар.
 
Алмагүл Сыздықова,
№229 мектептің мұғалімі
13 наурыз 2022 ж. 606 0