№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жас келсе – іске

Жас келсе – іске

Жуырда кенттегі №3 мектеп-интернатында «Жалындай бер, жас маман» атты мұғалімдер арасында сайыс ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жас ұстаздардың біліктілігі мен шеберлігіне баға беру арқылы жігерін шыңдау, іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне деген сүйіспеншілікке бағыттау.
Мамандығын мақтанышына ба­лай­тын ұстаздар сайысын мектеп директоры Ләззат Нәлібаева ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Мұғалім – Тәуелсіз мемлеке­тіміздің болашағын қалап жатқан тұлға. Ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал, жас ұрпақтың тағдырына бала бойына білім мен ізгілік нұрын себуші ұстаздар аса жауапты. Сондықтан жас мамандардың білімін шыңдап, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру аға буынға айнымас міндет, – деді мектеп басшысы.
Жас ұстаздардың біліктілігін арт­тыратын шара төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар 5 минут ішінде өзі және өзінің қызмет атқаратын ұжымы туралы қызық­ты етіп таныстырса, екінші кезең «Өнерлінің өрісі кең» тақырыбына ұласып, жас ұстаздар шығармашылық қабілеті, өнерге деген бейімділігімен сынға түсті. Ал, «Білікті маман – ел тірегі» кезеңінде сұрақ-жауап арқылы сайыскердің білім деңгейі мен біліктілігі тексеріліп, ситуациялық тапсырмалар берілді. «Мамандығым – мақтанышым» бөлімінде ұстаздар сабағының шығармашылық тұрғы­да мазмұн табуы бейнероликпен көрсетіліп, әрбірі білім саласында жеткен жетістіктерін презентация арқылы көпшілікке паш етті.
Осы орайда, ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, еңбек жолын жаңадан бастаған Тоқжан Қалдыбек,Арайлым Сұлтанбай,  Ұлдана Дошан сынды жас мамандар барлық ке­зеңдер бойынша біліктілігі мен білімдерін ортаға салып, өз ісінің нағыз маманы екенін көрсете білді.
ХХІ ғасыр – білім мен инно­вация ғасыры. Демек біз ғасырдың көшінен қалмай, егемен еліміздің еңсесі мәңгі биік болуы жолында парасат пайымы мол ұл-қыздарды тәрбиелеуіміз керек. Бүгінгі өткен шара да осы білім саласына салынған даңғыл жолдың бір көрінісі іспетті.
Айзада Алмасбаева,
№3 мектеп-интернатының ұйымдастырушы педагогы
13 наурыз 2022 ж. 584 0