№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Шәкірт жетістігі – мұғалім мерейі

Шәкірт жетістігі – мұғалім мерейі

Ақпараттық технология қарқын алған жаңа ғасырда әрбір мамандықтың иесі санасы ісінен озып тұратын, білімі мен біліктілігі жағынан қарымы жоғары тұлға болуы тиіс. Мұны уақыттың өзі талап етуде. Бұған Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» деп айтқаны дәлел.

Жаңа ғасырдың озық тұлғасы болып қалыптасу және білімдар ұрпақ өсіру ұстаздардың еншісінде десек, Сағима Жақыпқызы секілді оқушы санасына білім дәнін сеуіп, нәтижеге бағыттай білетін ұстаздарды дәріптеу біздің еншімізде.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Мұғалім – Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман, өйткені, ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал, жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен тәрбие нұрын себуші – ұстаздардың қолында» деп қадап айтқаны ұстаздардың жауапкершілік жүгін еселегендей. Әрбір ұстаз өзі тәрбиелеп, білім беріп отырған шәкіртінен зор үміт күтеді. Ұстаз білімді болса, шәкірт жүрегіне жол таба алады. Өзі үйренумен қатар әріптестеріне де үлгі көрсетеді. Осындай ұлағатты ұстаздардың қатарында Сағима Райымбекова да бар. Ол №110 мектеп-лицейінде математика пәнінен сабақ береді. Шәкірттері мектеп мерейін өсіріп жүр. Біз тәжірибелі ұстаздан мұның сырын сұрадық.
– Мұғалім – әрбір жеке тұлғаны білімге шақырып, тәрбиелеп, өзінің білгенін ұғындырып өсіретін маман десек, заман дамыған сайын оқушылардың қабілеті де жоғарылап келеді. Елбасы Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» еңбегінде «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп айтқаны ұстаздарға қанат бітіргендей болды. Біз де бір саланы игеріп қана қоймай, оқушылардың да шығармашылық қабілеттерін дамытып, әр баланың санасына жететіндей рухани азықпен қамтамасыз етуіміз керек. Бұл жолда №110 мектеп-лицейінде жүйелі жұмыстар жүруде. Оқушыларымызды жан-жақты дамыту үшін ұсаздар күш-жігерімізді сарқа жұмсаудамыз. Шәкіртіңнің жетістігін көру үлкен мәртебе. Алдыңда отырған барлық оқушы бірдей. Десе де, қабілеті мен білімі дараланып тұратын шоқтығы биік шәкірттеріміз мектептің де мерейін өсіріп жүр. Зарина Қалкөз соның дәлелі. Зарина ізденімпаз, білімге құштар оқушының бірі. Матемтикаға бейім, есеп шығаруда алғыр. Мен оның болашағынан зор үміт күтемін, – деді Сағима Райымбекова.
«Шәкірт жетістігі – ұстаз мерейі» десек, ұстаз еңбегін ақтап, түрлі белестерді бағындырып жүрген шәкірттері көп, соның бірі мектептің 10-сынып оқушысы Зарина Қалкөз. Ол ұстазының еңбегін ақтауға тырысып, ізденіп жүр.
– Менің жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығымды оятқан, оның ішінде математика пәніне бейімдеген Сағима апайым әрдайым білгенін үйретуден жалықпайтын жан. Формуламен есеп шығару, теңдеуді шешу, сондай-ақ теңсіздіктен есеп құрау сынды түрлі бағыттағы есептерді шығаруға бейімдеген ұстазым шығармашылыққа да бейімдеді. Осыған дейін облыстық деңгейдегі ғылыми жобаларға да қатысып жүрдік. Биыл Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсының қола медаліне ие болдық. Облыс әкімі Гүлшара Наушақызының қабылдауына қатыстым.
Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Қабылдаудан бұрын қатты қобалжу болды. Бірақ еркін форматтағы қабылдауда Гүлшара Наушақызымен сұрақ-жауап алмастық. Болашақта қандай маман иесінің сұраныста болатынын білдік. Мен ІТ маманы болуға шешім қабылдадым, – деді ол.
Иә, жүйелі жоспар, нәтижелі сабақ, ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шығармашыл шәкірт жаңалыққа бейім болып шығады. Қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын жастың жетер жетістігі де тікелей ұстазға байланысты десек Заринадай шәкірті, Сағимадай ұстазы бар білім ордасы қашан да табыс биігінде болмақ. Біз шығармашылықпен қатар өзін-өзі үздіксіз дамытып отыратын шәкірттер қалыптастыруға бейімделген мектептің тағы бір мерейлі жетістігін жариялауды жөн көрдік.
Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
08 тамыз 2021 ж. 1 724 0