№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Әрбір ұстаз – бір жұлдыз»

«Әрбір ұстаз – бір жұлдыз»

  Таяуда «Арман» мәдениет үйінде аудандық кәсіподақ ұйымының жанынан құрылған «Жаңа толқын» жастар кеңесінің ұйытқы болуымен мектептер арасында байқау өтті. «Әрбір ұстаз – бір жұлдыз» атты тақырыпта өткен сайыста 12 команда өзара бақ сынады. Мақсат – жас ұстаздардың шығармашылығын дамытып, көпшілікке таныту. Шара барысында қатысушысы жас ұстаздарды жастар ұйымына мүше ретінде қабылданды.Олардың қатарында заман талабының үдерісінен шыға білген жаңашыл №224 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Фариза Шыңғыс, пен осы мектептің қазақ тілі пәннің мұғалімі Толқын Әбдіхалықова және №164 мектеп директоры Жанболат Ахметжанов бар.

Байқаудың ашылуында «Арман» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Мәдениет Тотаев пен «Жаңа толқын» жастар кеңесінің мүшесі Ерсұлтан Мұстафаев қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жастар жылы аясында өткен байқауда қатысушылар үш кезең бойынша өз өнерін көрсетті. Әуелі қатысушылар өздерін таныстырып өтсе, «Жастар жылынан не алдың?» атты екінші кезеңі көрініс түрінде көпшілікке ұсынды. Ал соңғы сайыс түрі «Жас болудың ерекшелігі» атты кезеңде ұстаздар қауымы қызықты тақырыпта ән салып өз өнерін ортаға салды.
Он екі мектептің мұғалімі бағын сынаған байқауда облыстағы ең жас мектеп директоры Жанболат Ахметжанов қатысты. Шалқиядағы №164 мектепте басшылық ететін Жанболат өнерімен көпшілікті тәнті етті. Қарапайымдылығымен, кішіпейілділігімен көзге түсті.
Байқаудың қорытындысы бойынша №224 мектептің «Серпін» командасы оза шауып үздік атанса, екінші орынға №51 мектептің «51 жастары» мен №164 мектептің «Z – жастар» командасы лайық деп танылды. Үздік үштікті №240 мектептің «Қандөз жастары» мен «Кәмшат» балабақшасының «Жалынды жастар» командалары өзара бөлісті. Қалған топтар аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
– Қазіргі заман мұғалімі рухани тұрғыда дамыған, шеберлілікті меңгерген білікті маман, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға болуы керек. Ал осы байқау барысында біздер ұстаздар қауымынның кәсіби біліктілігін ғана емес, шығармашылығын үнемі жетілдіріп, ізденіс үстінде жүретініне, педагогтық тәжірибесінің дамығанына куә болдық, – дейді аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Елшібек Сатершинов.
Құрамында 12 адамы бар «Жаңа толқын» жастар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен сайыс бұдан кейін де жалғасын табатын болады. Келіп қатысып, жұмыстарымен қоса, шығармашылықтан да қол үзбейтінін дәлелдеген ұстаздар қауымы ұйым төрайымы Индира Тұрабаеваға алғысын жеткізді.
Лаура БИБАСАРОВА



12 қаңтар 2020 ж. 849 0