№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ОРТАҚ МҮЛІКТІ БӨЛУ ОҢАЙ ЕМЕС

ОРТАҚ МҮЛІКТІ БӨЛУ ОҢАЙ ЕМЕС

Елімізде ажырасушылар санының көбеюінен біраз мәселе туындауда. Некенің бұзылуынан қаншама тағдыр бүлініп, қаншама шаңырақ ортасына түсіп жатыр. Ерлі-зайыптылардың екіге кетуі балалар тәрбиесіне де өз кесірін тигізуде.
Бұдан бөлек, ажырасудың соңы сот жұмысының жүктемесінің артуына да ықпал етеді. Өйткені, отбасының бүлінуі тек арыз жазумен, ажырасумен бітпейді.
Алимент өндіру, баламен кездесу уақытын белгілеу, баланың тұрғылықты жерін анықтау, ортақ мүлікті бөлу секілді түйткілдің бәрі тек сот арқылы шешіледі.
Елімізде некелердің үштен бірі ажырасумен аяқталады екен. Көптеген жанұялық қосақтар арызды беріп болғаннан кейін мүлікті бөлу рәсімімен бетпе-бет келеді. Дау-жанжалдың басты себебі жылжымайтын мүлік болып табылады.
Осы айтылған жәйт бойынша Жаңақорған аудандық сотына талап қоюшы О-ның жауапкер Б-дан ортақ мүлікті бөлу туралы талабымен азаматтық іс қаралды.
Сотта және іс құжаттарында анықталғандай тараптардың некелері 2015 жылғы тіркелген, араларында жасы кәмелетке толмаған 3 балалары бар.
Ерлі-зайыптыларға Жаңақорған кентінде орналасқан үйі сатып алу- сату шарты негізінде тиесілі.
Жаңақорған аудандық сотының шешімімен тараптар арасындағы неке бұзылған.
Талап қоюшы ортақ мүлік үйді 4 000000 теңгеге сатып алғандарын, өзінің кәмелетке толмаған балалары болуына байланысты үйді өзінде қалдырып, жауапкерге ақшалай үлесін бөліп беруді сұраған және жауапкер жазбаша пікірінде талап қоюды мойындамай, ортақ мүлік болып табылатын даулы тұрғын үйден елу пайыз үлесін белгілеуді сұраған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 115, 116 және 191-баптың 2-тармағына сәйкес ерлi-зайыптылардың қайсысының атына сатып алғанына немесе ерлi-зайыптылардың қайсысының ақша салғанына қарамастан, АК-нің 223-бабына сәйкес ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған кез келген жылжитын және жылжымайтын мүлiктерi, бөлуге жататын бiрiккен ортақ меншiк болып табылады.
Сотта анықталғандай, 2020 жылдың 17 маусымдағы сатушы А мен сатып алушы О мен жұбайы Б., арасындағы сатып алу-сату келісім шартынан іс бойынша тараптар Жаңақорған кентінде орналасқан жер телімін сатып алғаны анықталды.
Аудандық соттың шешімімен талап қоюшы О-ның талап қоюы қанағаттандырылып, ерлі зайыптылардың ортақ меншігіндегі үйі талап қоюшы О-ның иелігінде қалдырылды және талап қоюшы О-дан жауапкер Б-ның пайдасына осы үй үлесінің ақшалай өтемі 2 703 961 теңге өндірілді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
02 ақпан 2022 ж. 208 0