№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 21 жасқа толғанша алимент өндірілді

21 жасқа толғанша алимент өндірілді

Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы К-нің жауапкер К-дан орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі балаға күтіп-бағу қаражатын 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.
Сот барысында жауапкер К-ның қызы 2003 жылдың 22 қазанында туған талап қоюшы К-нің жоғарғы оқу орнының күндізгі оқу нысанының 2 курс студенті екені анықталды. Ол 18 жасқа толған. Әкесі К-ның материалдық көмек көрсетпейтінін негіздеп, жауапкер ретінде әкесінен жоғарғы оқу орнын аяқтағанша айлық есептік көрсеткіштің жиырма еселеленген мөлшерінде алимент өндіруді сұрап, талап қоюмен жүгінген.
Жауапкер К., талап қою ішінара мойындайтынын, себебі қазіргі уақытта, бірінші некедегі балдарына алимент төлейтінін, әйелі жұмыссыз екенін, асырауында кәмелетке толмаған бір ұл және бір қызы барын, айына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінен артық төлей алмайтынын көрсеткен.
Аудандық соттың шешімімен талап қоюшы К-нің жауапкер К-дан алимент өндіру жайлы талап қою ішінара қанағаттандырылды.
Жауапкер К-дан талап қоюшы К-нің пайдасына жиырма бір жасқа толғанға дейін 22 қазан 2024 жылға дейін ай сайын айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерінде алимент өндірілді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
01 ақпан 2022 ж. 435 0