№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласты

Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласты


Жаңақорған аудандық сотына талап қоюшы А. жауапкер А-дан
ортақ баласы үш жасқа толғанша өзінің пайдасына алимент өндіруді сұраған талап қою арызымен жүгінген.

Талап қоюшы А. жауапкер А-мен 2007 жылы отбасын құрып, некеге тұрып, араларында 4 баласы барын, осыдан кейін 2014 жылдың 13 ақпанында аудандық сот арқылы некелері бұзылғанын, қазіргі таңда жауапкермен бірлескен өмірі, мінездері жараспай бөлек тұрып жатырғанын, сол себепті  ортақ баласы үш жасқа толғанша өзінің пайдасына алимент өндіруді сұраған.
Істі қарау барысында сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілген.
Өз кезегінде жауапкер А. талап қоюшымен татуласып,  ортақ баласы үш жасқа толғанша әр айдың соңына дейін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент төлеуге міндеттенген, талап қоюшы талабынан бас тартқан. Осы негізде тараптар істі өндірістен тоқтатуды сұраған.
Сот ұйғарымымен тараптар арасында жасалған  дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Тараптарға Қазақстан Республикасы АПК-нің 278-бабының 2-бөлігінің талабына сәйкес іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейтіндігі түсіндірілді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
24 қаңтар 2020 ж. 631 0