21 ЖАСҚА ТОЛҒАНША АЛИМЕНТ ӨНДІРУ ТУРАЛЫ АЗАМАТТЫҚ ІС МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ТОҚТАТЫЛДЫ
Жаңақорған аудандық сотына талап қоюшы Қ. жауапкер Ә-дан 21 жасқа толғанша ай сайын 10 АЕК мөлшерінде алимент өндіру жайлы талап қою арызымен сотқа жүгінген.
Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы өзінің арызында ата-аналары 2005 жылы ажырасып кеткенін, осы некеден әпшесі екеуі дүниеге келгенін, олар бала күнінен әкесіз өскенін, оларды анасы жалғыз өзі тәрбиелеп, бағып-қағып осы күнге дейін жеткізгенін, екеуі де қазір кәмелет жасқа жеткендерін, бірақ әкелері бала күндерінен оларға қараспағанын, материалдық жағынан ешқандай көмек көрсетпегінін көрсеткен.
Талап қоюшы қазіргі таңда Қорқыт-ата атындағы Қызылорда университетіне оқуға түскенін, ол жоғарғы оқу орнын жатаханада жатып оқитынын, оның жүріп тұруына және жатахана ақысы бар, тамағы мен киімдеріне қаржыны қажет ететінін, сол себепті әкесі Ә-тан 21 жасқа толғанша тұрақты ақша сомасы, мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.
Сот отырысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.
Келісім бойынша талап қоюшы Қ-ның жауапкер Ә-дан 21 жасқа толғанша алимент өндіру туралы талабынан бас тартса, жауапкер Ә. талап қоюшы ұлы Қ-ның пайдасына, ол жоғарғы оқу орнында оқу кезіңінде 21 жасқа толғанша, ай сайын 20 000 теңгеден алимент төлеуге міндеттенген, осы негізде азаматтық іс тоқтатылды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі