№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сот шешімі сырттай шықты

Сот шешімі сырттай шықты

Жаңақорған аудандық сотында талап қошы Е-нің жауапкер Ж-дан орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі балаға күтіп-бағу қаражатын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.
Сот барысында жауапкер Ж-ның қызы 2002 жылдың 3 ақпанында туған талап қоюшы Е., жоғарғы оқу орнының күндізгі оқу нысанының 2 курс студенті. Ол 18 жасқа толған. Әкесі Ж-ның материалдық көмек көрсетпейтінін негіздеп, жауапкер ретінде әкесінен жоғарғы оқу орнын аяқтағанша айлық есептік көрсеткіштің он еселеленген мөлшерінде алимент өндіруді сұрап, талап қоюмен жүгінген.
Сот отырысына жауапкер Ж., тиісті түрде хабарландырылғанына қарамастан, дәлелсіз себептермен келмеген.
Сот оның келмеу себептерін дәлелсіз деп танып, азаматтық істі жауапкердің қатысуынсыз қарады және талап қоюшы істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға қарсылық білдірмеді.
Аудандық соттың шешімімен талап қоюшы Е-нің жауапкер Ж-дан алимент өндіру жайлы талап қоюы ішінара қанағаттандырылды.
Жауапкер Ж-дан талап қоюшы Е-нің пайдасына жиырма бір жасқа толғанша ай сайын айлық есептік көрсеткіштің 7 еселенген мөлшерінде алимент өндірілді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
30 қыркүйек 2021 ж. 368 0