№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ СОТЫНДА БІР КҮНДЕ ҮШ АЗАМАТТЫҚ ІС МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ТОҚТАТЫЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ СОТЫНДА БІР КҮНДЕ ҮШ АЗАМАТТЫҚ ІС МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ТОҚТАТЫЛДЫ

Медиация сот жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, талап арыз беруші мен жауапкердің де уақытын үнемдейді.
Бүгінде азаматтық істер бойынша неке бұзу, алимент өндіру, қарыз ақша өндіру, еңбек дауларының кез-келгені медиация рәсімін пайдалану арқылы жүргізіліп келеді.
Араздасқан жандардың өткір мәселесін шешіп, істі сотқа дейін жеткізбей және сот барысында шешу кәсіби медиаторлар мен судья медиатордың жұмысы.
Қазіргі таңда аталған медиация рәсімі Жаңақорған ауданында жүйелі жолға қойылған.
Дау-дамайлардың басым бөлігі бітімгерлердің және судья медиатордың тәжірибелі, іскерлігінің арқасында оңтайлы шешілуде.
Жыл сайын медиация тәртібімен қаралған қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық және азаматтық істердің дені қос тараптың келісімге келуінің нәтижесінде тоқтатылуда.
Жаңақорған ауданында және аудандық сотта «Медиация туралы» Заңның да қолдану ауқымы кеңейгенін көруге болады.
Медиация рәсімінің қажеттілігі күннен-күнге артып келеді. Әсіресе араздасқандарды татуластырудың тиімді тәсілдерін жетілдіру арқылы сотқа дейінгі және соттағы бітімгершілік процесін жүзеге асыруда медиация қызметі керек.
Аталған медиация тетігін пайдалану арқылы Жаңақорған аудандық сотының судьясы Э.Рысқұловтың өндірісіндегі үш азаматтық іс бір күнде медиация тәртібімен өз шешімін тапты.
Аталған үш азаматтық істің біреуі талап қоюшы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы жауапкерлерден несие беру туралы шартқа сәйкес қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралып, аталған іс медиация тәртібімен өз шешімін тапты.
Жасалған медиациялық келісімге сәйкес талап қоюшы талап қоюынан бас тартса, жауапкерлер қарыз соманы белгіленген мерзімде бөліп төлеуге міндеттенді.
Келесі екі іс бойынша некені бұзу жөніндегі сотқа арызданған ерлі-зайыптылардың мәселесі.
Судья тараптарға медиацияның отбасылық қатынастар саласындағы ерекшеліктері туралы түсіндіргеннен кейін, тараптар дауды медиация тәртібімен шешуге келіскендерін көрсетті.
Аталған келісімге сәйкес, тараптар отбасын сақтап қалғысы келетіндерін, неке бұзу туралы талаптарынан бас тартатындарын көрсетті және олар татуласып отбасы сақталды.
Нәтижесінде, аудандық соттың ұйғарымымен аталған үш істің де сот өндірісі сотпен тараптардың медиация тәртібінде татуласуларына байланысты тоқтатылды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
25 қараша 2021 ж. 292 0