№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » МЕДИАЦИЯ САЛАСЫ ҚОС ТАРАПҚА ТИІМДІ

МЕДИАЦИЯ САЛАСЫ ҚОС ТАРАПҚА ТИІМДІ



Жаңақорған ауданында және аудандық сотта «Медиация туралы» Заңының да қолдану ауқымы кеңейгенін көруге болады.

Медиаторлар жұмысының қажеттілігі мен белсенділігі күннен-күнге артып келеді. Әсіресе араздасқандарды татуластырудың тиімді тәсілдерін жетілдіру арқылы сотқа дейінгі және соттағы бітімгершілік процесін жүзеге асыруда медиация қызметі керек.

Отбасыларда жиі орын алатын ерлі-зайыптылар арасындағы араздықты, отбасының басқа да мүшелері арасындағы дау-дамайды оңтайлы шешуде медиация қызметінің ықпалы зор.

Бүгінде халықаралық тәжірибеде медиация бітімгершілікке бастайтын ең тиімді тәсіл ретінде танылып отыр
Сөзіміздің дәлел ретінде, аудандық сотттың өндірісіндегі Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-1 бөлігімен азамат Ә-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарында анықталғандай азамат Ә., Жаңақорған кенті Құлымбетов көшесінде орналасқан тұрғын жайда жұбайы Ж-ны ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған әрекетті жасаған.

Сотта азамат Ә., өз кінәсін мойындап, жұбайы Ж-мен қазіргі кезде медиация тәртібімен татуласқанын және жәбірленуші азамат Ә-ға кешірім беретінін онымен медиация тәртібімен татуласқанын көрсетті.

Аудандық соттың қаулысымен құқық бұзушы Ә-ге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-1 бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылып, ол жауаптылықтан босатылды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
16 қараша 2021 ж. 329 0