СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамда түрлі дау-жанжалдар, үлкенді-кішілі ұрыс керістер орын алып жатады.Әрине олардың шешімін сот шығарады. Бірақ сотқа дейінгі және сот барысында істі шешетін медиация қызметі бар.Қазақстанда дау-жанжалдарды сотқа жеткізбей шешудің мүмкіндігі ол екі жақты келісімді ретке келтіріп, өзара тиімді ұсыныстар жасайтын ар-ағайынның көмегімен жүзеге асатын медиация қызметі.
Қазір көпшіліктің құқықтық сауаты артып, заңдық талабы күшейген. Оның мысалын күнделікті өмірден де жалпы қоғам көрінісінен де байқапжүрміз.Сондықтан болса керек жыл өткен сайын Жаңақорған аудандық сотына келіп түсетін істердің саны азайып келеді.Медиаторлар жұмысының қажеттілігі мен белсенділігі күннен-күнге артып келеді.Әсіресе араздасқандарды татуластырудың тиімді тәсілдерін жетілдіру арқылы сотқа дейінгі және соттағы бітімгершілік процесін жүзеге асыруда медиация қызметі керек. Бүгінде халықаралық тәжірибеде медиация бітімгершілікке бастайтын ең тиімді тәсіл ретінде танылып отыр.Осы тұста сөзіміздің дәлелі ретінде, аудандық сотттың өндірісіндегі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталып азаматша Б., Жаңақорған кенті, Қ.Наурызбай көшесіндегі номері жоқ үйге, сол үйдің тұрғыны өзіне сырттай таныс жәбірленуші Т-тың 40 000 теңгесі мен жеке куәлігі салынған құны 6800 теңге тұратын «Самсунг галакси С9- » үлгісіндегі ұялы телефонын жеке құны тұратын 5 000 теңге тұратын спорттық үлгідегі шалбарын және сол қонақ бөлмесінде тұрған жәбірленуші Ә-ның құны 9500 теңге тұратын көйлегін, ішіне соңғының жеке куәлігі салынған 4 000 теңге тұратын әмиянын жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалап, жәбірленушілер Ә-ға жалпы құны 13 500 теңге және Т-ға 236 800 теңге мүліктік зиян келтірген.Сот барысында сотталушы жәбірленушілермен өзара медиация тәртібімен татуласқандарын, оларға келтірілген залалдың өтелгенін, ал жәбірленушілер оған кешірім беретіндерін көрсеткен.Аудандық соттың қаулысымен сотталушы Б-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласуларына және залалдың өтелуіне байланысты тоқтатылып, ол жауаптылықтан босатылды.Бітімгершілікті жолға қоятын медиация саласының халқымызда бұрыннан қалыптасқан «Билер институтына» өте ұқсастығы бар.Ауыл арасынан, ел ішінен ірткі шығып жатса, істі ушықтырмай өзара келісім арқылы реттейтін ақсақалдарымыз болған.Дархан далаға абақты салмаған халықпыз, малым жанымның, жаным арымның садақасы деп ұрандаған ата-бабаларымыз елдің ертеңін ойлап, ымыраласудың тиімді жолдарын ұсынған.Медиация саласы ХХІ-ғасырдың жаңалығы болғанымен, халқымызға жат көрінбейтін қызмет түрі.Себебі дауласудан көрі бейбітшілікке жаны жақын қазақ елі дау-шарларды шешу үшін қазы-билердің төрелігіне жүгінген. Ұрыс-керістен іргесін аулақ салып үйренген халықпыз.Іс насырға шаппай тұрып, кәсіби медиаторлардың көмегіне жүгінуге кеңес береміз.Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.