№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2020 жылдың бірінші жартыжылдық жұмысын қорытындылады

2020 жылдың бірінші жартыжылдық жұмысын қорытындылады


Жаңақорған аудандық сотында онлайн режимінде өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен 2020 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

        
Шара барысында сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.
Жаңақорған аудандық сотының өндірісінде аталған мерзімде барлығы 33 қылмыстық іс қаралып аяқталғанын, 26 іс бойынша айыптау үкімі, 1іс бойынша ақтау үкімі шығарылғанын, 6 қылмыстық іс өндірістен тоқтатылғанын, осы тоқтатылған қылмыстық істердің 4 бойынша тараптар Медиация Заңы  негізінде татуласқандарын атап өтті.
Есепті мерзімде 258азаматтық іс қаралып аяқталған, оның ішінде 34арыз бойынша сот бұйрығы, 146 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 28азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, оның 17-сі медиация тәртібімен тараптардың татуласуларына байланысты, 2 азаматтық іс адвокаттардың жәрдемдесуімен партисипативтік рәсім тәртібімен, 1іс татуласу келісіммен тоқтатылғанын,  30 арыз қараусыз қалдырылғанын, 52 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған.
Ал, әкімшілік құқық бұзушылық істер жөнінде 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы 344 тұлғаға қатысты 342 әкімшілік істер қаралғаны, 304 тұлға әкімшілік жазаға тартылғанын, 38 әкімшілік құқық бұзушылық іс тоқтатылғанын, оның ішінде 28 іс медиация тәртібімен тоқтатылғанын айтып өтті.
Еліміздегі карантин шараларына байланысты аудандық сотта барлық істер қашықтықтан, онлайн режимінде қаралуда.  
БАҚ құралдарымен тығыз жұмыстар атқарылып, телеарна арқылы 1 рет сұхбаттар берілген, 2 рет аудандық сотта «Ашық есік» шарасы өткізіліп, құқықтық ағарту бағытында мемлекеттік мекемелермен 19 рет онлайн семинар сабақтары мен дөңгелек үстелдер өткізілген.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісінің барлық сұрақтарына жауап бере отырып,  алғысын білдірді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
21 шілде 2020 ж. 804 0