Жаңақорған аудандық соты жылды қорытындылады
Жаңақорған аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн режимінде баспасөз конференциясы өткізілді.
Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева, республикалық «Юридическая газета» басылымының Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі М.Ибрашев және өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаев қатысты.
Шара барысында аудандық сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева 2020 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.
Аудандық сот өндірісінде 2020 жылдың 12 айында :
77 адамға қатысты 65 қылмыстық іс;
587 азаматтық іс;
573 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралып, аяқталған.
Қылмыстық істер бойынша:
65 адамға қатысты 53 үкім шығарылған.
10 адамға қатысты іс тоқтатылған.
Оның ішінде 7 қылмыстық іс сотталушылардың жәбірленушіге келтірілген залалды өтеп, медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылған.
Үкім шығару арқылы аяқталған істердің 9-ы немесе 13,8 пайызы апелляциялық тәртіпте тексеріліп, үкімдердің заңды және негізді қабылдануына байланысты өзгеріссіз қалдырылған.
Сот өндірісінде ең көп қаралған қылмыстық істерді есірткінің заңсыз айналымына қатысты істер құраған.
Есепті мерзімде аталған санатта 16 қылмыстық іс қаралып, үкім шығарылған.
Онан кейінгі кезекте мал ұрлығына қатысты қаралған істер. Бұл санат бойынша 8 адамға қатысты сот үкімі шығарылған.
Азаматтық істер бойынша:
348 іс бойынша шешім шығарылған;
68 іс тоқтатылған;
88 сот бұйрығы шығарылған.
155 іс оңайлатылған тәртіппен қаралған.
Тоқтатылған істер бойынша сотпен:
42 -дау-шарды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім;
8-дауды партисипативтік рәсім тәртібімен, яғни тараптардың адвокаттарының жәрдемдесуімен реттеу туралы келісім;
4-татуласу келісімдері бекітілген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша:
477 әкімшілік іс бойынша жаза қолданылған;
95 іс тоқтатылған.
Әкімшілік жаза қолдану көрсеткіші:
271 тұлғаға әкімшілік айыппұл;
169 адамға әкімшілік қамаққа алу ;
21 адамға арнайы құқықтан айыру;
16 адамға ескерту жасау түріндегі жазалар қолданылған.
Әкімшілік істерді тоқтату негіздері:
65 іс тараптардың татуласуына байланысты;
8 іс өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлғаның әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты;
9 іс әкімшілік жаза жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруіне байланысты;
2 іс заңның күшін жоюына байланысты тоқтатылған.
Қазіргі таңда аудандық сотта соңғы өзгерістерге сәйкес сот жүйесін жаңғырту аясында тараптарға смартфонға жүктелген «TrueConf» қосымшасы көмегімен қашықтан сот отырысына келмей-ақ, бейнебайланыс арқылы қатысуға мүмкіндік беретін «SMART сот пилоттық жобасын жақсы нәтижелі жұмыс жасауда.
БАҚ құралдарымен тығыз жұмыстар атқарылып, телеарна арқылы 2 рет сұхбаттар берілген, 2 рет аудандық сотта «Ашық есік» шарасы өткізіліп, 19 семинар сабақтары өткізілген.
«Facebook» әлеуметтік желісі арқылы Қызылорда облыстық сот баспасөз хатшысы мен аудандық сот төрағасы виртуалды онлайн сұхбат жүргізген.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, баспасөз өкілдерінің туындаған сұрақтарына жауап бере отырып, алғысын білдірді.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікір 1