Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 49

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Төтенше жағдайға тосқауыл керек

Төтенше жағдайға тосқауыл керек


Қыс қаһарына енді міне бастады, дегенмен биылғы қыс дария деңгейін тасыта қоймас. Сонда да сақтық шараларына тосқауыл дайын болуы тиіс, екінші орман және ел ішіндегі өрттің алдын алу маңызды. Ауданда өрт оқиғасы жыл сайын азаяр емес, былтырдың өзінде қаншама нысан өртке оранып, көліктердің көбі жарамсыз күйге түсті. Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында оқу-жаттығу жиын жиі өткізіліп тұрады.
Ондағы мақсат – ақпараттандыру және байланыс жүйелерінің әзірлігін тексеру, азаматтық қорғаудың барлық деңгейлерінде жедел кезекшілікті, болжау жұмысы мен диспетчерлік қызметті, мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, материалдық-техникалық қор, азық-түлік пен медициналық резервтері нақтылауға бағытталды.
Қазіргі уақытта Сырдария өзенінен келер қауіп жоқ. Алайда біз дайындықты пысықтап, кез келген жағдайға әзір отыруымыз қажет. Ауданның материалдық-техникалық қорында 10 тонна «Аи-92» маркалы бензин, 10 тонна дизель жанармайы жасақталды. Сондай-ақ, қосымша майдың қажетті мөлшерін алуға жеке кәсіпкер «Жаңақорған Ойл» басшысымен, ал төтенше жағдайлар зардабын жою кезінде жылжымалы азық-түлік қор мен құрылыс жабдықтары, сондай-ақ халықты киім-кешекпен қамтамасыз ету жөнінде жеке кәсіпкерлер және сауда орындарымен келісім шарттар жасалған.
20 қаңтар 2022 ж. 379 0