Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Дауласушы тараптар адвокаттарының жәрдемдесуімен татуласуға қол жеткізді

Дауласушы тараптар адвокаттарының жәрдемдесуімен татуласуға қол жеткізді


Жаңақорған аудандық сотында  тараптар арасындағы қарыз ақша өндіру жайлы дау бойынша азаматтық іс олардың адвокаттарының жәрдемдесуімен келіссөздер жүргізуі арқылы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасаумен аяқталды.
Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.
Сотқа талап қоюшы М. жауапкер У-ден  ақша өндіру жайлы талаппен жүгінген.
Істі сот талқылауына дайындық барысында, алдын ала сот отырысында іс бойынша төрағалық еткен судья Э.Рыскулов тараптарға дауды татуласу, медиация, партисипативтік рәсімдерін жүргізу арқылы аяқтау құқықтарын түсіндірген.
Сот отырысында тараптар адвокаттарының жәрдемдесуімен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.
Оның шарттары бойынша жауапкер қарыз ақшаны талап қоюшыға белгіленген мерзімде қайтаруға міндеттеме қабылдаған, талап қоюшы аталған міндеттемемен келісіп, осы негізде талабынан бас тартқан.
Судья дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексеріп, жасалған келісімнің шарттары заң талаптарына қайшы келмейтінін және басқа тұлғалардың құқықтары мен  заңды мүдделерін бұзбайтынын анықтап, Азаматтық Процестік Кодекстің 177-бабына сәйкес оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарды.
Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүргізіліп жатқан «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасының өз жемісін беріп, қоғамдағы дауласушылықтың деңгейінің төмендеуіне ықпал еткенін байқатады.

Қайнар:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
11 желтоқсан 2019 ж. 811 0