№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елін сүйген – Елбасы

Елін сүйген – Елбасы

Тәуелсіздік күніне орай бүлдіршіндердің сүйікті мекеніне айналған №240 Ғани Мұратбаев атындағы мектеп жанындағы «Шұғыла» шағын орталығында «Елін сүйген – Елбасы» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жо­лы, туып өскен, оқып білім алған, қыз­мет еткен жерлері туралы мағлұмат берілді.
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу шара­ның басты мақсатына айналды.
Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Елбасынан үлгі алып, елін мақтан етуге болашақта тәуелсіз елінің өркендеуіне өздерінің де қосатын үлесі мол екенін білдіріп, ол үшін білімді, өз отанын сүйетін ұлтжанды азамат болу керектігін ұғындырған іс-шарада Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың Жолдауларында білім мен еңбек туралы айтқан қанатты ойларды жасөспірімдердің таным-түсінігіне сай түсіндірілді.
Осыны жастардың санасына сіңіру қажет» деген өсиеті басшылыққа алынды. Білімнің тарыдай болсын бөлшегі балабақша қабырғасында қаланады. Сол себепті де, жас ұрпаққа тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ертегі арқылы жеткізуді жөн көрдік.
Бұл шараға балалар көтеріңкі көңіл-күймен белсене қатысты.
Жасөспірімдер Нұрсұлтан Әбіш­ұлы туралы ән айтып, тақпақ, би орындау арқылы өз өнерін көрсетті. Елбасы өмірінен сыр шертетін шағын көрмемен танысып,   өнегелі істері жайлы мол мағұлмат алды.
Мерекелік іс-шарда балғындар Тұңғыш Президенттің халқына сіңірген еңбегі жөнінде мол мағлұмат алып, ұлтқа қызмет етудің парқын пайымдады.
Ақбөпе Жаңабекова,
«Шұғыла» шағын
орталығының тәрбиешісі
26 желтоқсан 2021 ж. 282 0