№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Өнерпаз болсаң арқалан

Өнерпаз болсаң арқалан

Өнер-тәрбие атаулының ішіндегі ең құдыреттісі. «Тәрбиесіз берілген білім-қауіпті» деген нақыл сөз де бар.

 

  Осы бағытта өз сыныбымда «Отаным-бақыт ұя­сы», «Менің Президентім», «Ынтымақ, достық, туыс­тық», «Ел қорғаған-Ер бабам» тақырыптарында бірнеше тәрбие сағаттарын, ертеңгіліктер өткіздім. Кішкентай бүлдіршіндердің жұдырықтай жүрегіндегі батылдықты, атамекеніне деген сүйіспеншілік ұшқынды көрдім. Оқушылар арасында ата-бабаларымыздың өнегелі жолдарын, өзіміз өмір сүрген аймақтың жер-су атауларын, дәстүр-салтымызды ұғындырып зерделеу жұмыстарын жүргізу үлкен жетістіктерге жетелейді. Бүгінгі таңда білім саласындағы реформалар негізінде жаңартылған білім беру мазмұнында үш тілділікті меңгеру, латын графикасын үйрену де Елбасының бастамасы. Отанын сүйген патриот ұрпақ болу үшін отбасы, ұстаз, қоғам, ел болып атсалысуымыз керек.
Жуырда Елбасының «Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру», тақырыбындағы Жолдауында білімді біріздендіруге, әлеуметтің әлеуетін арттыруға, экономикамызды дамыту мен ауыл шаруашылығын интенсивтендіруге, жасөспірімдер және сарбаз клубын құрудың маңыздылығын айта келе ұрпақтың Отансүйгіштігін арттыруды, мұғалім мәртебесін көтеру туралы заң қабылдауды тілге тиек етті. Біз елін сүйетін Елбасымыз бар, тағдыр берген тәуелсіздігімізбен бақытты елміз.

Гүлмира Тасымова,
№51орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
10 қараша 2018 ж. 1 211 0