№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » «Мәңгілігін мәнерлеген Елбасы»

«Мәңгілігін мәнерлеген Елбасы»

Қазақстанның тұңғыш президенті күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің құрметіне М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Мерекелік шарада сөз алған аудан әкімі Руслан Рүстемов: «Елбасы халықаралық қауымдастықтың құрметіне бөленген, ғаламдық бастамаларды жүзеге асырған тұлға. Оның сындарлы саясатының жүйелі жүруінің арқасында еліміз мәңгілік ел мұратын ұстанып келеді. Елбасын құрметтеу елді құрметтеу. Оның әлемдік саясатта ықпалы басым, көш ілгері елге айналуға мол мүмкіндік туғызуда, – деп Нұрсұлтан Әбішұлының елге еткен елеулі еңбегін, саяси шешімдерін, тұлғалық қасиеттерін сөз етті.

Шара барысында аудан әкімі Руслан Рүстемов бір қатар ел азаматтарын марапат мінберіне шақырып, құрметін көрсетті. Олардың қатарында: Мәжит Жанайұлы, Сәбит Әбжаппарұлы, Өмірбек Жұмабекұлы, Сымбат Бақытханқызы, Мұхтар Әбдімәуленұлы,  Елдос Ноғайбекұлы, Назерке Бақытжанқызы, Кеңес Жұмахан, Нұрғиса Танабайұлы аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Марапат мінберінен көрінген Илман Изатов «Қазақстан халқы Ассамбльясына 25 жыл» мерекелік медальін омырауға ілді. Ауылшаруашылығының ардагері Рақымбаба Құтымбаев пен Наятулла Қарақожаевқа ауылшаруашылығы министрінің «Құрмет грамотасы» табысталды.
Марапаттау салтанатынан кейін, аудандық өнерпаздардың ұсынған концерттік бағдарламасына ұласты. Ән мен әуен толқыны отан тақырыбына арқау болды.
Мақпал МАРҚАБАЙ.
27 қараша 2020 ж. 494 0