№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы




2019 жылы 27 қараша күні Бірлік ауылдық кітапханасы С.Қожанов атындағы №55 жалпы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Әләйдаровпен бірлесіп Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты кең көлемде виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырды. Шараның мақсаты – Елбасының дара жолынан үлгі ала отырып, жас ұрпақты Отанын, халқын сүюге, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Оқырмандарға Елбасының өмірбаяны, балалық кездері, нақыл сөздері, қызметтегі жолы, еңбектері, кітаптары және Елбасы жайлы естелік, очерк пен өлеңдер жинақтары таныстырылды. Н.Ә. Назарбаевқа арналған «Тұңғыш Президент» бейнебаяны көрсетіліп, кітапхана оқырмандары Елбасы жайында сұрақтарға жауап беріп, Елбасы құрметіне арналған жырлар тыңдалып, Н.Назарбаевтың «Өзекжарды ойлар», «Ой бөлістім халқыммен» кітабынан көркемсөздер оқылды. Арнайы дайындалған слайд көрсетілді.
А.Әләйдаров шараны ашып беріп, Елбасының металлургтен, қоғамдық және саяси қайраткерге, саяси көшбасшы, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентіне дейінгі салған сара жолын, ерекше қасиет-қадірін,тұлғалық тұғыры жайлы толық мағлұматтар берді.
Кітапханашы К.Сұлтанбаева шараға қатысушыларды кітап көрмесімен таныстырып, Елбасының өмірі, шығармашылығы жайлы қысқаша шолу жасады. Аталмыш көрме 3 бөлімді қамтыды. «Н.Назарбаев: дәуір, қоғам, тұлға», «Ел сенімін ақтаған Елбасы», «Елбасы және Тәуелсіздік» атты үш бөлімнен тұратын көрмеде Н. Ә. Назарбаев туралы 80-нен астам басылым ұсынылды. Бұл басылымдар Елбасы өмірбаянын егжей-тегжейлі баяндап, тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаған Президентіміздің Қазақстанның қалыптасуы мен нығаюындағы ерен еңбегін көрсетіп, басқарушылық қабілетінің сырын ашады. Көрмеде басылымдармен қатар Елбасының өзге елдердің басшыларымен кездесулері барысындағы тарихи сәттерді бейнелейтін архивтік фотосуреттері ұсынылды.
Құрметті, оқырмандар! Сіздерді Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысуға шақырамыз!
28 қараша 2019 ж. 1 028 0