Аудандық сот жылды қорытты
Жаңақорған аудандық соттың төрағасы Әлия Түбекбаева 2020 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Онлайн режимінде өткен конференцияда төраға өткен жылды қорытып, атқарылған жұмыстар жайында нақты межені саралады.
Аудандық сот өндірісінде 2020 жылдың 12 айында 77 адамға қатысты 65 қылмыстық іс, 587 азаматтық, 573 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, аяқталған. Енді осы істер бойынша жеке-жеке талдап шықсақ. Айта кететіні, жалпы былтыр істер саны, әсіресе қылмыстық істер азайғанымен, басқа жаза түрлері көбейді. Мәселен, есірткі кәсібі, мас күйінде көлік басқарғандар мен карантин шарасын бұзғандар, онлайн алаяқтардың қатары артты.
Қылмыстық іс өткен жылмен салыстырғанда 35-ке кеміген. Аяқталған 65 қылмыстық істің 52-сі бойынша айыптау үкімі, 10 іс бойынша қаулы шығарылған. Жалпы былтыр есірткі бизнесі шектен шықты. Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты 2019 жылдан 1 іс қалдықпен кіріп, 16 қылмыстық іс түскен, 16 қылмыстық іс бойынша үкім де шығарылды. Көбісі бас бостандығынан айырылып, темір торға тоғытылды. Солай бола тұра оңай олжаға кенелгісі келетіндер азаяр емес. Ал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық санатындағы іс азайған, былтыр 1 қылмыстық іс түсіп, үкім шығарылған.
– Жалпы осы мерзімде қаралған қылмыстық істер бойынша 21 жекеше қаулы шығарылды, 7 қылмыстық іс бойынша «Медиация туралы» Заңы қолданылып, сотталушылар қылмыстық жауаптылықтан босатылды. 2019 жылы мұндай іс 30-ға жеткен болатын. Аяқталған 65 істің 22-і қысқартылған тәртіппен қаралды. Ауырлығы орташа және онша ауыр емес санатта, қылмыстық теріс қылық, барлық қылмыстық істің ішінде үздіксіздік қағидасымен 14 қылмыстық іс қаралды. 9 қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым түсіп, сот үкімі өзгеріссіз қалды, – деді Әлия Бердібекқызы.
Төтенше жағдай мен кркнтинді сылтау еткендер мал ұрлығын кәсіпке айналдырыпты. Бұл санат бойынша 8 адамға қатысты сот үкімі шығарылған, 2019 жылмен салыстырғанда аз, дегенмен көп жағдайда кешірім беріп, көбісі татуласу бойынша жазадан құтылуға тырысады. Бірақ жаңа заң кешірім бергенге қарамайды, барымташылар міндетті түрде жазасын өтейді. Осы мерзімде тергеу судьясымен ҚПК-нің 55 бабына сәйкес, барлығы 135 өтінішхат қаралып, оның 124 қанағаттандырылған.
Келесі кезекте азаматтық істер бойынша, 348 іске шешім шығарылып, 68 іс тоқтатылған. 451 арыз бойынша азаматтық іс қозғалып, 88 іс бойынша сот бұйрығы, 348 іс бойынша шешім шығарылса, 155 іс оңайлатылған тәртіппен қаралды. 2019 жылмен салыстырғанда 40 шешімге, яғни 10,4 процентке кеміген.
– Жалпы азаматтық істер көбіне медиация арқылы шешімін табады. Мәселен, өткен жылы 41 азаматтық іс аяқталған, партисипативтік рәсім 8 іс бойынша жасалған, татуласу арқылы 4 азаматтық іс аяқталған. Осы есеп мезгілінде оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен 155 азаматтық іс аяқталды, азаматтық істер бойынша 22 апелляциялық шағым түсіп, оның 22-сі қаралып, 1 шешім бұзылып, 1 шешім өзгерсе, қалған 20-сы сот шешімдері өзгеріссіз қалды. 2020 жылдың 12 айында келіп түскен 578 талап арыздардың 9-ы қолма-қол қабылданған. Яғни 98 процент іс электронды келіп түскен, демек цифрлы жүйенің тиімді тұсы осы, – деді төраға.
Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 477 іс бойынша жаза қолданылса, 95 іс тоқтатылған. 271 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынса, 169 адам әкімшілік қамаққа алынса, 21 тұрғын арнайы құқықтан айырылған. 16 адамға ескерту жасау түріндегі жаза қолданса, 65 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған. 8 іс өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлғаның әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты,9 іс әкімшілік жаза жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруіне байланысты, 2 іс заңның күшін жоюына байланысты тоқтатылған.
– Қазіргі таңда аудандық сотта соңғы өзгерістерге сәйкес сот жүйесін жаңғырту аясында тараптарға смартфонға жүктелген, «TrueConf» қосымшасы көмегімен қашықтан сот отырысына келмей-ақ, бейнебайланыс арқылы қатысуға мүмкіндік беретін «SMART сот» пилоттық жобасын жақсы нәтижелі жұмыс жасауда. Енді әкімшілік іске көшсек, тоқтатылған істер бойынша 65 әкімшілік іс тараптардың татуласуына байланысты ӘҚБтК-ің 64 бабына сәйкес, 8 әкімшілік іс құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты ӘҚБтК-нің 741 бабының 1 бөлігінің 2-ші тармақшасына сәйкес, 9 әкімшілік іс ӘҚБтК-нің 62 бабымен ескіру мерзімінің өтуіне байланысты, 2 іс заңның күшін жоюына байланысты ӘҚБтК-нің 741 бабының 1 бөлігінің 3-ші тармақшасына сәйкестоқтатылды, – деді Ә.Түбекбаева.
Әкімшілік құқық бұзушылық істер де медиация арқылы шешіледі, былтыр 73 іс татутласу арқылы аяқталған. Жалпы әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша салынған айыппұл көлемі – 14 080 781 теңгені құрады.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынымен түйіндеді. Біздің түсінгеніміз жалпы сот жүйесі жүйелі, бірақ тәртіпсіздік жүйеленбей тұр.