Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 535

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қазақпысың, сөйле ана тілінде

Қазақпысың, сөйле ана тілінде


Тілім менің құдіретім, қуатым,
Тілге келсе танытатын қуатын.
Бұл қазақтың бәрі ақын бүгінде,
Қиналғанда бір-бір шумақ туатын.

Тілім менің алмас қылыш алдаспан,
Басқа таяқ тиер егер алжассаң.
Бұл қазақтың ойы терең тұңғиық,
Шаңда қалар кеуде қағып арбасқан.

Тілім менің Абай төккен асылдар,
Мұхтар, Мағжан, Мұқағали, Қасымдар.
Қасиетті қара өлеңі қазақтың,
Найзағайдай шарт сынатын жасындар.

Тілім менің Махамбеттің ызасы,
Қадіріне жетсек екен біз осы.
Жеңілтектік жараспайды қазаққа,
Тілің кетіп, дінің сынса қызасың.

Қуан халқым, қуан елім, шаттан бір,
Байрақ қолда, тілім бірге мақтан бұл.
көсегесі көгеретін ұрпақты,
Шұбар тілден, О Құдайым сақтаңдар.

Келер ұрпақ – құлағың сал сөзіме,
Демегейсің: “жан айқайы, сөзі не?”
Тілді ұмытып, шұбарласақ арасын,
Намыс буып, жас келеді көзіме.

Қазақпысың, сөйле ана тілінде,
Қастерлей біл қасиетін де, дінін де.
Егеменді ел болған соң ағайын,
Биік көтер, Ана тілін тіріңде.

Файзулла САХИЕВ
17 қараша 2021 ж. 610 0