№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » СУДЬЯЛАРДЫҢ СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ

СУДЬЯЛАРДЫҢ СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысын оқып үйрену бойынша семинар өтті.
Семинарға аудандық сот төрағасы Ә.Түбекбаева, судьялар И.Тұңғышбаев, Э.Рыскулов және кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева қатысты.
Семинарда сот төрағасы Ә.Түбекбаева баяндама жасап, Жоғарғы Соттың аталған нормативтік қаулысына сәйкес, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамға қауiптiлiк дәрежесін анықтаған кезде ҚК-нiң 11-бабында көзделген оның ауырлығын, сондай-ақ құқық бұзушылық жасалған кездегі мән-жайлардың (жасау тәсiлi, кiнәнiң түрi, себептер мен мақсаттар, іс-әрекеттің аяқталу кезеңі, туындаған зардаптардың қоғамға қауiптiлiк дәрежесi және т.б.) жиынтығын ескеру керек екенін атап өтті.
Сондай-ақ сотталушының жеке басына қатысты мәлiметтердiң жазаның түрi мен мөлшерiн белгiлеу үшiн елеулi мәнi бар екенін назарға ала отырып, оларды жан-жақты, толық және объективтi түрде зерттеуге тиіс екеніне тоқталды.
Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгiн, еңбекке, білімге көзқарасын, соттылығы және отбасылық жағдайы туралы мәлiметтердi анықтау қажет. Соттар жаза тағайындаған кезде ҚК-нің 52-бабының үшінші бөлiгiне сәйкес тағайындалған жазаның сотталушының отбасының және оның асырауындағы адамдардың тұрмыс жағдайына ықпалын ескерулері қажет.
ҚК-нiң 54-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар тiзбесі түпкiлiктi болып табылмайтынын, осыған байланысты, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кездегi немесе сотталушыны сипаттайтын сот анықтаған өзге де мән-жайлар (маскүнемдiкке салыну, қоғамдық тәртiптi бұзу, отбасына, жұмысына, оқуына көзқарасы және т.б.) жаза тағайындалған кезде ескерілуi мүмкін, бiрақ жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ретiнде танылмайтынын көрсетті.
Семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аталған нормативтік қаулысын кеңінен талқылап, қаулы талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттілігіне баса назар аударды.
Ақпарат: Жаңақорған ауданының баспасөз қызметі
26 қазан 2021 ж. 295 0