№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Балаңыз өнер мектебіне бара ма?

Балаңыз өнер мектебіне бара ма?


Ғұлама ғалым Махмұд Қашқари «Өнерсізден құт қашар» депті. Аталы сөздің астарына терең үңілсеңіз, өнерлінің өрісі кең екенін ұғасыз. Расында қоғамда адам білімімен, өнерімен ерекшеленеді. Ал жастардың талантын танып, өнерін шыңдауда өнер мектебінің алар орны зор. Сондықтан Әлшекей атындағы өнер ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, жеткен жетістіктеріне тоқталуды жөн көріп, директордың орынбасары Зөре Жүсіпованы сөзге тарттық.


Балаларды өнердің түр-түріне баулып, дарынды балалардың қабілет-қарымын ашып, талантты жастың елге танылуында бағыт-бағдар беретін ұстаздардың еңбегі ерен.
Айта кететіні, өнер мектебінің ұстаздары мен шәкірттері аудандық деңгейде ұйымдастырылған рухани-мәдени шаралар мен мерекелік кештерден тыс қалған емес. Шараның шырайын кіргізіп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын өнерпаздар аудан мерейін түрлі деңгейдегі байқауларда да асырып жүр.
Соңғы үш жылда өнер мектебінің ұстаздары барлық облыстық деңгейдегі байқауларда 39 рет үздіктер қатарынан көрінсе, республикалық дәрежеде 46 ұстаздың, халықаралық деңгейде 14 ұстаздың мерейі тасыды.
– Мұндағы ұстаздардың барлығы – кәсіби шыңдалған мамандар. 34 мұғалім домбыра, қобыз, сырнайда ән салу, дәстүрлі жыр-терме, бейнелеу өнері, вокал, көркемсөз оқу шеберлігі бойынша дәріс береді. Өткен жылдан бастап топтық сабақтардың жұмысы жүйеленіп келеді. Қараша айында Қызылорда қаласында өткен «Ұлы дала ұрпағы» ІІІ республикалық өнер байқауында 12 үміткер жүлдегер қатарынан көрінді. Атап айтқанда Шәрбану Жиенбаеваның «Талант» және «Мұрагер» вокалдық топтары бас жүлдені иемденді. Сондай-ақ Зәуре Хасанова, Бота Шәйкен, Жадыра Алиханова, Гүлжазира Кембилова, Туғанай Нәлтаева, Айгүл Өтегенованың талантты шәкірттері жүлделі оралды,– деді Зөре апай бізбен әңгімесінде.
Өнерлі өрендердің жетістіктері мұнымен тоқтап қалмақ емес. 17 қараша Түркістан қаласында «Мәңгілік ел алыптары» атты «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сәйкес республикалық рухани патриоттық байқауына 10 жеке аспап және «Сығанақ» сырнайшылар, «Саз» фольклорлық, «Жас толқын» фольклорлық ансамбльдері бірінші, екінші орындарды еншіледі.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйым­дастырған республикалық «Дарабоз» өнер-білім байқауына 82 талантты өнерпаз қатысқан. Хореографиядан Қабланова Ажардың екі тобы бірінші орын, Гүлжазира Кембилованың «Жазира» домбырашылар ансамблі бірінші орын, Зауре Хасанованың «Мұрагер» ансамблі бірінші орын, сазгер Шәрбану Жиенбаеваның «Талант» вокалдық тобы бас жүлде, Индира Дүйсенова жетекшілік ететін «Сығанақ» сырнайшылар ансамблі бірінші орынды иемденген. Жеке орындауда 8 талапкер домбыра, қобыз, вокал, бейнелеу өнерінен алғы орынды иемденді. Осы байқауда шәкірттері топ жарған ұстаздарда марапат биігінен көрінді.
14-15 желтоқсанда V Халықаралық «Атадан мұра» байқауында Махмұт Нұрасыл ІІ дәрежелі орынды алды.
Өткен жылы өнер ұжымының жұмысының жанданып, тәжірибесінің артқанын шәкірттерінің жетістіктерінен байқау қиынға соқпайды. Зөре Жусипова осындай бірқатар ұстаздарды атап өтті. Олар: сазгер, әнші, майталман ұстаз Шәрбану Жиенбаева, Гүлжазира Кембилова, Гүлсара Бұлдырықова, Ажар Қабланова, Бота Шәйкен, Арнұр Сүлейменова, Туғанай Нәлтаева, Зауре Хасанова, Қалдыбай Қошқарбаев, Ұлмекен Маутова, Ұлжалғас Батырханова, Құралай Әлиева, Ақнұр Қалдыбаева, Жадыра Әлихановалар.
Білікті ұстаз Арнұр Сүлейменова Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты байқауда үздік танылған. ІІІ Республикалық «Ұлы дала ұрпақтары» байқауына үздік шәкірт дайындағаны үшін Гүлжазира Кембилова «Атадан мұра» қоғамдық қорының Президенті Талғат Сауранбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған.
Айта кететіні, қамқоршылық кеңес жобасында көп балалы мен тұрмысы төмен отбасылардың балаларына жеңілдіктер қарастырылған екен. Бұл да басшының өнерді бағалап, балалардың қызығушылығын арттырудың бір жолы болары анық.
– Өткен жылы жастардың жанашырына айналған төл басылым өнерлілердің ордасынан шыққан таланттардың танылуына жол ашып, өнерпаздарды жастар айдарына арқау еттік. Өнердің төрінде жүрген талантты жастарды насихаттауды жалғастыра бермекпіз, – дейді ол.

Майра ӘБДУӘЛІ
14 қаңтар 2020 ж. 895 0