№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Екпе алудан соңғы орындамыз

Екпе алудан соңғы орындамыз

Сыр өңірінде вакциналаудан өзге аудандармен салыстырғанда төмен келеміз. Неге? Бұл сұрақтың жауабын сала мамандарынан сұрап білдік.
Ауданның бас эпидемиолог-дәрігері Асхан Отарбектің сөзінше, дәрігерлер, мұғалімдер, тәрбиешілер, өнер және спорт саласының мамандары, яғни, мемлекеттік, бюджеттік мекеме қызметкерлері екпені қабылдап болды. Енді зейнет жасындағылар мен диспансерлік есепте тұрғандар және жұмыссыз азаматтар екпені ерікті қабылдағаны дұрыс. Сондай-ақ өзге өңірлерде вахталық жұмыс істейтіндер де бақылаудан тыс қалды. Әйткенмен сыртта жүрген 1496 жаңақорғандық екпе салдырды.
Қазіргі уақытта жалпы ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында аудан тұрғындарынан 35010 адамға екпе егу жоспарланса, оның 22768-і (65 пайызы) бірінші компонентін қабылдаса, екінші компонентін 19650-і салдырды.
Енді Сыр өңіріндегі аудандарда вакциналаудың деңгейін саралайтын болсақ, Сырдария ауданында 18 жастан асқан 22176 адам болса, соның 74,5 пайызы вакцинаның бірінші компонентін қабылдады. Бұл көрсеткіш Қармақшыда – 74,3 пайыз, Қазалыда – 70 пайызды құрайды. Біздің ауданда ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін 43041 адам вакцина қабылдауға тиіс болса, 56,7 пайызы ғана екпе ектірді. Қысқасы, өңірде вакциналауда соңғы орында келеміз.       
– Кент орталығында екпе егу жұмысы қиындау. Төрт бригада құрып, кенттегі үй-үйді аралаған екі күнде небәрі екі тұрғын ғана екпе салдырды. Халықтың көпшілігі түрлі алыпқашпа әңгімеге сеніп, салдырғысы келмейді, – деді эпидемиолог-дәрігер.
Екпе егу процесі орталыққа қарағанда ауылдық округтерде анағұрлым жақсырақ. Себебі тұрғын саны аз және бір-бірін танитындықтан қиындық туындамайды. Қожамберді ауылдық округінде тұрғындардың 96,9 пайызына салынса, екпе алмаған адамдардың саны небәрі 10 адамды құрайды. Ал, Байкенжеде екпе алғандар 92,5 пайызды құрайды.
Ауылдық округтердің арасында ең төменгі көрсеткіш Көктөбе 56,4 пайыз (салуға тиіс адам 115), Сунақата 57,6 пайыз (салуға тиіс 428), Жаманбай батыр 58,8 пайыз (салуға тиіс 598), Келінтөбе 50 пайыз (салуға тиіс 782), Қосүйеңкі 59 пайыз (салуға тиіс 175).
– Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін халықтың 70 пайызы екпе алуы тиіс. Алдағы уақытта аймақтық мейірбикелерге үй-үйді аралатып, салдырмаған тұрғындарды анықтап, соларға екпе егу жұмысымен айналысамыз. Бізде вакцина саны жеткілікті, – деді дәрігер.
Тұрғындардың арасында вакцина салудың маңызын түсініп, ерікті түрде ектіргендер көп. Солардың бірі №7 спорт мектебінің жаттықтырушысы Ғабит Әбілов.
– Отбасымның, жақындарымның қауіпсіздігі үшін вакцина салдырдым. Қоғаммен байланыста болғандықтан және балалармен жұмыс істегендіктен жауапкершілікті қажет етеді. Отбасымыздың төрт мүшесі де екпенің екі компонентін қабылдады. Короновирусты вакцинасыз жеңу мүмкін емес, – деді ол.
Қорыта келе, вакциналау тек қызметтегі адамдарға ғана емес, еліміздің барша азаматына ортақ дүние. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей ұжымдық иммунитет қалыптастыруға ұмтылып, індеттің таралуын тежейік.
Рауза ӘЗІЛХАН
18 қыркүйек 2021 ж. 292 0