№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бизнестің қай түрін дамыту тиімді?

Бизнестің қай түрін дамыту тиімді?


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 583 400 теңге грант берілуде. Жұмыспен қамту орталығының жанынан құрылған комиссия отырысына қатысып, түйдек-түйдек ой түйдім.


Сағат 09.00-де басталған комиссия отырысы 19.30-ға дейін жалғасып, тамыз айында ұсынылған 143 жобаның 128-ін қарадық. Оның 107 мал шаруашылығы, 7-і құс шаруашылығы бағытында. Сондай-ақ сән салоны, кондитерлік өнімдер, тігін шеберханасы, пластик терезе мен шлакаблок өндірісі, СТО және т.б ұсынылды.
Комиссия мүшелері аудан тұрғындарының кәсіп көзін тауып, отбасылық бизнесті дамытып, әлеуметтің әлеуетін арттыруына мүдделі және кәсіптің сан алуандығының да маңызды екенін ескереміз.
Қазақ пен мал шаруашылығы бір-бірінен ажырамайтын, мыңжылдықтар көшінен негіз тартатын маңызды сала. Оны мойындаймыз. Бүгінде Сыр өңіріндегі төрт түліктің тең жартысы біздің ауданда. Мұнымен мақтанамыз. Бірақ ет және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға қауқарсызбыз. Біздің нарықты Түркістанның мал базары реттейді. Оның үстіне, жыл өткен сайын аяқ суға тапшылық сезіліп, жем-шөп дайындауда қиындықтар кездесуде. Егер ауданда мал өнімдерін өндейтін шағын цехтар құрылып, кластерлік шаруашылық қалыптасса, мал шаруашылығына басымдық беруге әбден болады. Қазір далада тері мен жүнді өртеп, кәдеге жаратудың көзін таба алмай жүрміз. Ал, Иран, Түркия, Италия, Германия сынды жеңіл өнеркәсібі дамыған елдерде тері де, жүн де қып-қызыл ақша. Оның үстіне, жыл өткен сайын малдың өрісі тарылып, жайылымдық жерлер өзекті мәселеге айналуда. Мал шаруашылығына маңыз берген азаматтар осының бәрін ескергені дұрыс.
Ал, 20-27 жастағы жап-жас азаматтар мал шаруашылығына басымдық беріп, екі сиырмен кәсіпті дамытуға ниет танытуда. Бұл дұрыс па, бұрыс па? Оның бағасын біз емес, нарық береді!
Айтқым келгені, жастар креативті, перспективалы жобаларды ұсынса дейміз ғой.
Әрине, қайтарымсыз гранттың 583400 теңгесіне бизнесте аяқтанып, дамыту қиын. Алдымен бастамасын қалап, істі бастаса, өзге жобалар арқылы дамытудың мүмкіндігі мол.
Жастарға осыны айтып, түсіндірдік.
Сонда: «Мал десе грантты тез береді деді ғой! Біз басқа жоба ұсынуға дайынбыз» деген пікірді алға тартқан жастар болды.
Бұл жерде жергілікті жердегі әкім­дердің де мемлекеттік грантқа ұсын­ған азаматқа бағыт-бағдар беру жағы кемшін екенін аңғаруға болады. Яғни әкімдік пен кәсіпкердің арасында байланыс әлсіз. Әкімдіктер әлі кәсіпкерлік субъектілерін түгендеу жұмысын жүйелеген жоқ. Сол себепті елді мекенде бизнестің қай түрлерін дамытуға болатынына бас ауыртпайды, кәсіпті бастауға ниеттілерге де бағыт бере алмайды. Осы жөнінде бір пысықтап алу артықтық етпейді...
Бүгін Машбек Нәлібаев ауылдық округінен Гүлрайхан Әсілханова есімді азамат келді. Жобасы бізді жалт бұрғызды. Ұсынысы – «физика-математика оқу орталығын» ашу.
Нұр-Сұлтан қаласында мұндай орталықтардың тәжірибесін көргенім бар. Табысты бизнестің түрі. Өйткені сұраныс жоғары.
Комиссия төрағасы Мәжит Балқожаев жобаның маңызына мән беріп, орталықтың қалыптасуына басқа қандай шаралар бар екенін анықтап, талапкерге нақты бағыт-бағдар берді. Яғни «Бизнесті жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 5 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант алудың жөн-жапсарын түсіндірді.
Комиссияға түскен жобалардың ішін­де елді мекендегі сервистік қызметті дамытатын ұтымды ұсыныстар болды. Мәселен, Кейден ауылдық округінде көлік жөндеу орталығы, Әбдіғаппарда көлік жуу орталығы, Өзгентте жылыжай кешені, Жаңақорған кентінде цифрлық технология орталығы және т.б жобаны көріп, көңіліміз толып, бәрекелді дестік.
Осы тұста, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған ауданы филиалының директоры, комиссия мүшесі Асылжан Жолдасбековтен креа­тивті жобалар аз болуының себебін сұрадық. Өйткені кәсіпкерлерлікті бас­таған азаматтарға әдістемелік бағыт-бағдар беретін палата емес пе?
– Біз «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша бизнесті бастау және кеңейту, іскерлік серіктестік құру және стратегиялық бастамалардың маңызын жан-жақты түсіндіріп, жастарға креативті жобаларды ұсынамыз. Бірақ «бір сиыр, бір қашар» дегенді санасына бекітіп алған... – деп түсіндірді палатаның басшысы.
Комиссияға келген азаматтар ара­сында «Неғылса неғыламын!», «Көреміз ғой!» дегендей сенімсіз пікірді жиі айтады...
Шынында ғой, сиырды сатып алудамыз. Бірақ ауданда сиыр басы артты ма?
Бордақыланып жатқан сиырлар еттің бағасына қаншалықты әсер етуде?
Ойланатын сұрақ...
Әрине, бұл – мал шаруашылығын қолдауға болмайды деген сөз емес. Жоғарыда айтқандай, мал шаруашылығы біздің төл кәсіп, ата кәсіп. Одан бас тарта алмаймыз.
Қазір әлем қатты дамып келеді. Соңы ескеруіміз тиіс. Біз әлемдік өркениет көшінен қалмауымыз үшін цифрландыру, IT, ауылшаруашылығы саласында био­технология енгізу, жекеменшік меди­циналық пунктер, білім орталықтары және т.б дамытуға мән беретін кез келді. Бизнесті осы бағытта өркендетудің артықшылығын түсінуіміз керек-ақ.
Бір күндік комиссия отырысында көңілге осыны түйдік.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
07 қыркүйек 2021 ж. 459 0